Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

473 Электростатикалық тартылыс – қарама-қарсы зарядтар арасындағы тартылыс күші. Электрофил – электронға тапшы атом немесе молекула. Электрофилді ароматты орынбасу реакциясы – электрофилді орынбасар ароматты сақинадағы сутегінің орнын басатын реакция. Электрофилді қосылу реакциясы – реагентке электрофилдің қосылу реакциясы. Электрофорез – Рі мəні негізінде амин қышқылдарын анықтайтын əдіс. Элимирлену реакциясы – реагенттен атомды (молекуланы) бөлу реакциясы Энантиомерлер – айнадағы көріністері беттеспейтін молекулалар. Эндонуклеаза рестрикция – ДНҚ-ны арнайы нуклеотидтік сатыларға бөлетін фермент. Энергия делокализациясы – (резонанс энергиясы) электрондардың делокализациялануы нəтижесіндегі қосылыстың қосымша тұрақтылығы. Энкефалиндер – ауыруды бақылау үшін организмде синтезделетін пентапептидтер. Эпимерлер – тек бір көміртегінің конфигурациясы бойынша өзгешеленетін моносахаридтер. Эпоксид – оттегі атомы үш мүшелі сақинаға кіретін эфир. Эпоксидті шайыр – молекулалық массасы төмен полимерді қосылыспен араластырып көлденең тігілген полимер түзетін қосылыс. Эталондық қосылыс – ЯМР спектрінде шкаланы анықтау үшін үлгіге қосатын қосылыс. ЯМР спектріндегі сигналдар орны эталонды қосылыс сигналынан бастап өлшенеді. Эфир – Эфир – құрамындағы оттегі атомы екі көміртегімен байланысқан қосылыс (ROR). Эффективті магнит өрісі – протон электрон бұлтымен қоршалатын магнит өрісі. Ядро электрондары – ішкі қабат электрондары. ЯМР спектроскопиясы – органикалық қосылыстың құрылыс ерекшеліктерін анықтауда қолданылатын электромагниттік сəулелену. ЯМР спектроскопиясында көміртегі мен сутегінің құрылысы анықталады. ЯМР томографы – медицинада денені түсіруде қолданылатын ЯМР спектрометрі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==