472 Функционалдық топтардың өзара алмасуы – бір функционалдық топтың екінші функционалдық топқа өзгеруі. Фураноза – бес мүшелі қанттар. Фуранозид – бес мүшелі гликозид. Химиялық ығысу – ЯМР спектріндегі сигналдардың орналасуы. Ол этанолды қосылыстан (көбінесе ТМС) əлсіз өріске қарай өлшенеді. химиялық эквивалентті протондар – молекуланың басқа бөлігіндегі протондарға тең протондар. Хиралды – (оптикалық белсенді) айнадағы көрінісімен беттеспейтін молекула. Холестерин – барлық жануар стероидтары синтезделетін стероид. Хроматография – қоспаны ерітіп тұрақты фаза толтырылған колонкада ерітіндімен жуып бөлу əдісі. Цвиттер-ион-араласпайтын атомдардағы теріс жəне оң зарядтары бар қосылыс. Циклоалканалкан – тұйықталған көміртегі тізбегі. Цис конденсирленген, егер екі орынбасар болса, бірінші сақинадағы орынбасар аксиалды, ал екіншісі экваториалды орналасқан өзара конденсирленген екі циклогексан сақиналары. Цис-изомер – қос байланыс немесе циклді құрылым жазықтығының бір жағында бірдей орынбасарлары бар изомер. Цис-транс-изомер – геометриялық изомер. Шаблондық тізбек – (мағыналы тізбекке қарама-қарсы) транскрипция кезінде есептелетін ДНҚ тізбегі. Ішкі алкин – үш байланыс көміртегі тізбегінің соңында болмайтын алкин. Эдман реагенті – Фенилизотиоцианат. полипептидтегі N-соңғы амин қышқылын анықтауда қолданылатын реагент. Экваториалдық байланыс – циклогексанның кресло конфорері жазықтығында орналасқан байланыс. Экрандау – электрондардың бөлінуімен протон айналасының қоршалуы. Электрон сыртқы магнит өрісі əсерінен қорғайды. Протонмен экрандалу неғұрлым көп болса, сигнал ЯМР спектрінде оң жақта пайда болады. Электр терісті элемент – электронды жеңіл қосып алатын элемент. Электр терістілік – атомның электронды өзіне тартуы. Электрондардың резонанстық берілуі – көрші қосылыстың байланыстарымен р-орбитальдары арқылы қаптасып электрондардың берілуі. Электрондардың резонанстық бөлінуі – электрондардың көрші байланыспен р-орбитальдары арқылы қаптасуынан бөлінуі. Электрондардың резонанстық қосылуы – көрші қосылыстың байланыстарымен р орбитальдары арқылы қаптасып электрондардың қосылуы. Электрон-донорлық орынбасарлар – ароматты сақинаға электрофильдік шабуылды жəне электрон акцепторлық орынбасарлар ароматты сақинадағы нуклеофильдік шабуылды жеңілдетеді. Электрондық конфигурация – атомдағы электрондар орбитальдары конфигурациясының сипаты. Электронның индуктивті берілуі – электрондардың σ-байланысқа берілуі. Электронның индуктивті бөлінуі – электрондардың σ-байланыстан бөлінуі. Электростатикалық потенциал – картасы зарядтардың таралуын көрсететін модель.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==