Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

471 Үлкен арналар – ДНҚ-дағы кезектесіп орналасқан екі арналардың ішіндегі кеңі жəне тереңі. Үш байланыс – бір σ жəне екі π байланыс қосындысы. Үшіншілік алкил үшіншілік көміртегінде жұптаспаған электроны бар радикал. Үшіншілік галоген алкан – құрамындағы галоген үшіншілік көміртегі атомымен байланысқан галоген алкан. Үшіншілік карбкатион- үшіншілік көміртегі оң зарядталған карбкатион. Үшіншілік көміртегі – басқа үш көміртегі атомдарымен байланысқан көміртегі. Үшіншілік құрылым – ақуыздағы барлық атомдардың үш өлшемді орналасуын сипаттау. Үшіншілік спирт құрамындағы ОН тобы үшіншілік көміртегі атомымен байланысқан спирт. Үшіншілік сутегі үшіншілік көміртегімен байланысқан сутегі. Фенил – Фермент – катализатор қызметін атқаратын ақуыз. Феромон – бір тұқымдас мүшелерінің физиологиялық немесе мінез-құлық реакциясын реттейтін жануарлардағы жасырын қосылыс. Фишер проекциясы – хиралды орталықпен байланысқан топтарды кеңістікте орналастыру тəсілі. Хиралды орталық екі перпендикуляр сызықтың қиылысу нүктесі;қағаз жазықтығынан бақылаушыға қарай шығып тұрған горизонталды сызықтар байланыстарды жəне вертикалды сызықтар бақылаушыдан қағаз жазықтығына қарай орналасқан байланыстарды көрсетеді. Фишердің этерификация реакциясы – карбон қышқылымен спирттің қышқыл катализаторы қатысында күрделі эфир түзу реакциясы. Флавин аденин динуклеотид (ФАД) – кейбір тотығу реакцияларына қажетті кофермент. Ол тотықсызданып келесі реакцияда тотықсыздандырушы болатын ФАДН2 түзіледі. Формальді заряд – валенттік электрондар саны – (байланыспаған электрондар саны + ½ байланыспаған электрондар саны). Фосфоангидридтік байланыс – фосфор қышқылдарының екі молекуласы арасында түзіледі. Фосфоацилглицерол (фосфоглицерид) – глицериннің екі ОН тобы май қышқылдарымен жəне шеткі ОН топтарымен əрекеттесіп түзілетін фосфор қышқылының күрделі эфирі. Фосфолипид – құрамында фосфат тобы барлипид. Фосфорилді тасымалдаушы реакция – фосфат тобын бір қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдау. Фридель-Крафтс бойынша ацилдеу реакциясы – бензол сақинасына ацил тобын енгізетін электрофильді орынбасу реакциясы. Функционалдық топ – молекуланың реакциялық орталығы. Функционалдық топтар аймағы – көпшілік функционалдық топтар орналасқан ИҚ спектріндегі сол жақтағы 2/3 аймағы.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==