470 Тетраэдрлік аралық қосылыс – нуклеофилді ацилді орынбасу реакциясында түзілетін аралық өнім. Тетраэдрлік көміртегі – sp3 көміртегі; төрт sp3 гибридтелген орбитальдардан коваленттік байланыс түзетін көміртегі. Тетроза – құрамында төрт көміртегі атомы бар моносахарид. Тиамин пирофосфат (ТЭС) – субстратқа екі көміртегі фрагментін беретін реакцияда катализатор рөлін атқаратын ферментке қажетті кофермент. Тиол – құрамында күкірт атомы бар спирт (RSH). Тиоэфир – құрамында күкірт атомы бар эфир . Толқын жиілігі – валенттік тербелістер болатын толқын жиілігі. Толқын жылдамдығының жиілігі – оның толқын ұзындығына қатынасы (цикл/с бірлігінде). Толқын саны – 1 см толқын саны. Толқын ұзындығы – бір толқыннан екінші толқынға дейінгі арақашықтық (көбінесе м немесе нм өлшенеді). Тотығу реакциясы – С-Н байланыстар саны қысқаратын реакция. Тотығу-тотықсыздану – реакциясы электрондардың бір түрден екінші түрге берілу реакциясы. Тотықпалы ыдырау – реагенттің екі немесе одан да көп бөліктерге тотығу реакциясы. Тотықсызданбайтын қанттар – Ag+, Cu+жəне тағы да басқа реагенттердің көмегімен тотықсызданбайтын қанттар. Тотықсызданбайтын қанттар альдозаның немесе кетозаның ашық тізбегімен тепе-теңдікте болады. Тотықсыздану реакциясы – С-Н байланыстар саны көбейетін реакция. Төртіншілік құрылым – ақуыздың жеке полипептидтік тізбектерінің бірбіріне қатысты орналасуын сипаттау тəсілі. Трансаминдеу реакциясы – амин тобының бір қосылыстан екінші қосылысқа ауысуы. Транс-изомерлер – қос байланыстың немесе циклді құрылымдардың бірдей орынбасарлары қарама-қарсы жағында орналасқан изомерлер. Транскрипция – мРНҚ-ның ДНҚ сызбасынан синтезделуі. Трансляция – ақуыздың мРНҚ жоспарынан синтезделуі Триглицеридтер глицериннің үш ОН топтары май қышқылдарымен этерификацияланғанда түзілетін қосылыс. Триоза – құрамында үш көміртегі атомы болатын моносахарид. Трипептид – амидтік байланыстармен қосылған үш амин қышқылы. Триплет – ЯМР спектіріндегі үш шыңға бөлінген сигнал. Тритерпендер – 30 көміртегі атомдарынан тұратын терпендер. Тізбекті реакция – бірнеше рет қайталанатын сатылардан тұратын реакция. Тізбектің аяқталуы – екі радикалдың бірігіп барлық электрондары жұптасып молекулаға айналуы УК/ИҚ спектроскопиясы – ультракүлгін жəне көрінетін жарық аймағындағы электромагниттік сəуле спектрі; қосарланған жүйелерді анықтауда қолданылады. Ультракүлгін сəуле жарық – толқын ұзындығы 180-400 нм аралығындағы электромагниттік сəуле.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==