469 Синглет – ЯМР спектріндегі бөлінбеген сигнал. Синтетикалық полимер – табиғатта синтезделмейтін полимер. Сквален – стероидтық молекулалар синтезделетін тритерпен. Солға бұрушы энантиомер – поляризацияланған жарықты сағат тіліне қарама-қарсы бағытқа бұратын энантиомер. Сольватация – еріткіш пен молекула арасындағы (немесе ион) өзара əрекеттесу. Спектроскопия – заттың электромагниттік сəулеленумен өзара əрекеттесуін зерттеу. Спирттер – ROH алкандардағы бір сутегі атомының орны ОН-тобымен алмасқан қосылыстар. Стереоизомерлер – кеңістікте атомдардың орналасу реті бойынша өзгешеленетін изомерлер. Стереохимия – молекуланың үш өлшемдік құрылымын зерттейтін химия саласы. Стероидтар – стероидтық циклді жүйелері бар қосылыстар. Суббірлік – олигомердің жеке тізбегі. Субстрат – ферментпен катализденетін реагент. Сульфирлеу – бензол сақинасындағы сутегі атомын сульфоқышқылмен алмастыру (SO3H). Сутегі иондары (протондар) – оң зарядталған сутегі (электроны жоқ сутегі атомы). Сутектік байланыс – О, N немесе F жəне О, N немесе F басқа молекуламен байланыспаған электрондары бар сутегі атомдары арасындағы күшті дипольдипольдік əректтесуі (5 ккал/моль). Сфинголипид – құрамында сфингозин болатын липид. Табиғи өнім – табиғатта синтезделетін өнім. Табиғи-нақты атомдық салмақ – табиғатта кездесетін элементтің орташа атомдық масасы. Талшықты ақуыз – полипептидтері түйірішктелген суда ерімейтін ақуыз. Тармақталмаған түзу тізбекті алкан – көміртегі атомдары тармақталмаған үздіксіз түзу тізбек түзетіналкан. Таутомеризм – таутомерлердің өзара алмасуы. Таутомерлер – байланысқан электрондардың орналасуы бойынша жылдам теңесетін изомерлер. Твист конформер – көміртек-көміртегі байланысына қарағанда бір көміртегіндегі байланыс көрші көміртегіндегі байланыстармен тең бөлінген конформер. Тепе-теңдік константасы – тепе-теңдік кезіндегі өнімнің реагентке немесе тура жəне кері реакциялар жылдамдықтары константаларының қатынасы. Терминал алкин – үш байланысы көміртегі тізбегінің соңында болатын алкин. Терпендер – бір буында бес көміртегі атомдары болатын өсімдіктерден бөлінетін липидтер. Тетрагидрофолат (ТГФ) – субстраттың бір көміртегі атомы бар тобын бөлетін реакцияда катализатор рөлін атқаратын ферментке қажетті кофермент. Тетратерпен – құрамында 40 көміртегі атомы бар терпен. Тетраэдрлік байланыс бұрышы – көрші sp3 көміртегімен қосылу нəтижесінде түзілген байланыс бұрышы (109,5°).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==