Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

468 Протондардың (немесе электрондардың) атомдық рет саны – нейтралдық атомдар санына тең. Радикал – жұпсыз электроны бар атом немесе молекула. Радикал ингибитор – радикалды тасымалдайтын қосылыс. Радикалды тізбекті реакция – түзілген радикалдар реакция сатыларында қайталанатын реакция. Радикалдық орынбасу реакциясы аралық радикал түзілетін орынбасу реакциясы. Радиоавтография – авторадиографияда алынған фотопластинкалар. Рацематтық қоспа (рацемат, рацематтық модификация)- энантиомерлер жұбының тең мөлшерінен тұратын қоспа. Реакция координатасының диаграммасы – реакция барысында болатын энергетикалық өзгерістерді көрсетеді. Реакция механизмі – өнімдегі қосылатын реагенттер өзгеріп отыратын реакция сатыларының сипаты. Реакция селективтілігінің принципі – реакцияға қабілеттілік жоғары болса селективтілігі төмен болады. Региоселективті реакция – бір құрылымдық изомер басқасына қарағанда көп мөлшерде түзілетін реакция. Резонанс-делокализацияланған электрондары бар қосылыс. Резонанстық гибрид – қосылыстың делокализацияланған электрондары бар нақты құрылымы; ол екі немесе одан да көп локализацияланған электрондары бар құрылымдармен көрсетіледі. Резонанстық құрылым – локализацияланған электрондары бар қосылыстың делокализацияланған электрондары бар нақты қосылысқа ұқсататын құрылым. Резонанстық тұрақтылық – қосылыспен оның делокализацияланған электрондарымен қосылу нəтижесінде түзілетін қосымша тұрақтылық. Репликация – бірдей ДНҚ көшірмелерінің синтезі. Рестрикциялық фрагмент – ДНҚ-ны эндонуклеаза рестрикция көмегімен ыдыратқанда пайда болатын фрагмент. Рецептор – физиологиялық əсер етуі үшін жасушаның препаратпен байланысатын жері. Рибонуклеин қышқылы (РНҚ) – рибонуклеотидтерден тұратын полимер. Рибонуклеотид – қанттық компоненті D-рибоза болатын нуклеотид. рКа – қосылыстың протонды жоғалтуын сипаттайды (рКа = - logKa, мұндағы Ка қышқыл диссоциациясының тұрақтысы). рН – рН шкаласы ерітіндінің қышқылдығын сипаттау үшін қолданылады (рН=- log[H+]. РНҚ (рибонуклеин қышқылы) – рибонуклеотидтерден тұратын полимер. Сабын – жоғары май қышқылдарының натрий немесе калий тұздары. Сабындану – күрделі эфирдің (мысалы май) сілті қатысындағы гидролизі. Сауда маркасы – тіркелген атау, белгі немесе бейнелеу. Саусақ ізі аймағы – ИҚ спектріндегі қосылыстың сипаттамалы жұтылу жолақтары орналасқан оң жақтағы үштен бір аймақ. Сесквитерпен – құрамында 15 көміртегі атомы бар терпен. Сигма (σ) байланыс – электрондар цилиндрлі симметриялы таралатын байланыс түрі. Симметрия жазықтығы – молекуланың айнадағы көрінісін беретін жазықтық.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==