Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

467 Орынбасу реакциясы – атом немесе топ екінші бір атом немесе топпен алмасатын реакция. Осьтік байланыс – орындық (кресло) жазықтығына перпендикуляр циклогексанның кресло конформациясының байланысы. Өсу орны – полимерлік өсу тізбегінің реакцияға қабілетті шеткі орны. Өсу сатысы – бірінші сатыда пайда болған радикалдың (немесе электрофил немесе нуклеофил) екінші сатыда түзілген радикалмен (немесе электрофил немесе нуклеофил) əрекеттесу сатысы. Парафин – алкан. Пентоздар – бес көміртегі атомынан тұратын моносахаридтер. Пептид – амидтік байланыстармен қосылған амин қышқылдарының полимері. Пептидте ақуыздармен салыстырғанда амин қышқылдарының саны аз болады. Пептидтік байланыс – пептид немесе ақуыздағы амин қышқылдарын байланыстыратын амидтік байланыс. Перспективті формула – хиральді орталықпен байланысқан топтардың кеңістікте орналасуын көрсету тəсілі. Екі байланыс қағаз жазықтығына сызылады; сына қағаз жазықтығынан бақылаушыға қарай бағытталған байланысты жəне үзік сызықты сына бақылаушыдан қағаз жазықтығына бағытталған байланысты көрсетуде қолданылады. Пи (π) байланыс – р-орбитальдардың бір жақтан қаптасуы нəтижесінде түзілетін байланыс. Пираноза – алты мүшелі қант сақинасы. Пиранозид – алты мүшелі гликозид сақинасы. Пиридоксаль фосфат – кейбір амин қышқылдарының түрленуін катализдейтін ферменттерге қажетті кофермент. Поли қанықпаған май қышқылдары – бірнеше қос байланыстары бар май қышқылдары. Полимер – мономерлердің өзара бірігуінен түзілген үлкен молекула. Полимер тізбегінің өсуі – өсіп келе жатқан тізбекке мономерді қосу арқылы полимерлердің түзілуі. Полимерлену – мономерлердің бірігіп полимер түзуі. Полинуклеотидтер – фосфодиэфирлік байланыстармен қосылған бірнеше нуклеотидтер. Полипептидтер – амидтік байланыстармен қосылған бірнеше амин қышқылдары. Полисахаридтер – өзара байланысқан 10 көп қант молекулалары. Полюссіз коваленттік байланыс – байланыстырушы электрондарды тең бөлісетін екі атом арасында түзілетін байланыс. Полюссіз молекулалар – зарядсыз немесе атомдары жартылай зарядталған молекулалар. Полюсті коваленттік байланыс – электр терістілігі əртүрлі атомдар арасындағы коваленттік байланыс. Поляризация жарығы жазықтығы – тек бір жазықтықта тербелетін жарық. Поляриметр – поляризацияланған жарықтың бұрылуын өлшейтін аспап. Порфирин – бір көміртегі көпіршесімен қосылған төрт пиррол сақинасынан тұратын сақиналы жүйе. Протон – оң зарядталған сутегі атомы (сутегі иондары), атом ядросындағы оң зарядталған бөлшек.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==