466 Негіздік тенденциясы – қосылыс өзінің электрондарын протондармен бөліседі. Негіздік катализатор – протонды бөлу арқылы реакция жылдамдығын артыратын катализатор. Негізігі көмірсутегі – молекуладағы көміртегінің үздіксіз ұзын тізбегі. Никотинамид-аденин-динуклеотид (НАD+) – кейбір тотығу реакцияларына қажетті кофермент. Ол басқа реакцияларда тотықсыздандырушы рөлін атқаратын НАДН дейін тотықсызданады. Нитрил – құрамында көміртегі-азот үш байланысы бар қосылыс (RC≡N). Нитрлеу – бензол сақинасындағы сутегі атомының нитро топқа (NO2) алмасуы. Нуклеин қышқылдары – ДНҚ жəне РНҚ екі түрлі нуклеин қышқылдары. Нуклеозид – қанттың (D-рибоза немесе D-2-дезоксирибоза) аномерлі көміртегімен байланысқан гетероциклді негіздер (пуриндік немесе пиримидиндік). Нуклеотид – фосфорланған рибоза немесе дезоксирибозамен β-жағдайда байланысқан гетероцикл. Нуклеофил – электронға бай атом немесе молекула. Нуклеофилді реакция – атом немесе топтың орнын нуклеофил басатын реакция. Нуклеофилді ацилді орынбасу – ацил немесе арил тобымен байланысқан топтың басқа топқа алмасу реакциясы. Нуклеофильді қосылу – реагентке нуклеофильдің қосылу реакциясы. Нуклеофилді арт жақтан шабуылдау – бөлінетін топқа қарама-қарсы жақтан шабуылдау. Нуклеофилділік – байланыспаған бос электрон жұбы бар атом немесе молекуланың басқа атомды жеңіл шабуылдауы. Нығыздалу – жеке молекулалардың кристалдық торға орналасуы. Октет ережесі – атомдардың электрон қабаты толғанша электрондарды беру немесе қосып алуы. Сондықтан да екінші қабатта сегіз электронның болатындығы октет ережесінен белгілі. Олигонуклеотидтер – фосфодиэфирлік байланыстармен қосылған 3-10 нуклеотидтер. Олигопептидтер – амидтік байланыстармен қосылған 3-10 аминқышқылдарынан тұрады. Олигосахаридтер – гликозидтік байланыстармен қосылған 3-10 қант молекулаларынан тұратын қосылыстар. Оңға бұратын энантиомер – поляризацияланған жарықты сағат тілімен оңға бұратын энантиомер. Оптикалық белсенді емес – поляризация жарығы жазықтығын бұрмайды. Оптикалық белсенділік – поляризация жарығы жазықтығын бұрады. Орбиталь – ядро айналасындағы электрон орналасқан кеңістік. Орбитальдік гибридтену – орбитальдардың қаптасуы. Органикалық қосылыстар – құрамында көміртегі бар қосылыстар. Органикалық синтез – органикалық қосылыстарды басқа органикалық қосылыстардан синтездеу. Орто-пара-орынбасарлар – жаңа орынбасарды орта- жəне пара орындарға бағыттайтын орынбасарлар.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==