46 СИНТЕТИКАЛЫҚ ПОЛИМЕРЛЕР Синтетикалық полимерлер біздің күнделікте тіршілігімізде маңызды рөл атқарады. Полимерлер кішкентай молекула мономерлердің өзара байланысуы арқылы түзіледі. Біз тізбекті полимерлердің өсіп келе жатқан мономер тізбегінің соңына қосылуы арқылы пайда болатынын көрдік (5.16-бөлім). Синтетикалық полимерлердің екінші түрі тармақталған полимерлер мономер тізбегінің соңында реакцияға қабілетті функционалдық топтары арқылы түзіледі. Функционалдық топтар мономерлер арасында күрделі эфирлі немесе амидтік байланыстар түзеді. Нейлон мен лавсан тізбекті полимерлерге мысал болады. Нейлон полиамид, ал лавсан үрделі полиэфир. 6-амин гексан нейлон-6 қышқылы полиамид диметил терефталат 1,2-этандиол поли(этилентерефталат) этилен гликол Лавсан (күрделі эфир) Синтетикалық полимерлер металдарды, маталарды, əйнекті, керамика, ағаш жəне қағазды алмастырады. Бұл бізге табиғаттағыдан бөлек алуан түрлілігі, көп материалдарды алуға мүмкіндік береді. Адам қажеттілігіне байланысты полимерлердің жаңа түрлері де шығарылып отырады. Мысалы, кевлар мен лексан – тізбекті полимерлердің жаңа түрлері. Кевлар – құрышқа қарағанда берік материал. Ол жылдам жүгіруге арналған шаңғылар мен бронежилеттер жасауда қолданылады. 1,4-бензол дикарбон қышқылы 1,4-диаминобензол кевлар Лексан – бағдаршам көзі мен компакт-дискілер дайындауда қолданылатын күшті жəне берік полимер. бисфенол А фосген
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==