463 Кетон – Килияни-Фишер – синтезі, альдоздардағы көміртегі атомының санын арттыру арқылы, нəтижесінде С-2 эпимерлері түзілуде қолданылатын əдіс. Кляйзен конденсациясы – өзара карбонил тобының бір көміртегімен екіншісі байланысқан жəне алкоксид ионы бөлінетін екі эфир молекулалары арасындағы реакция. Коваленттік байланыс – электрон алмасу нəтижесінде түзілетін байланыс. Кодон- ақуыз құрамына кіретін амин қышқылын анықтайтын МРНҚ-дағы үш негіздер тізбегі. Конденсация реакциясы – кішірек молекула бөлінгендегі екі молекуланың қосылуы (су немесе спирт). Конфигурация инверсиясы – көміртегі конфигурациясы ішкі жағынан қол шатыр сияқты бұралуы, алынған өнім реагентке қара-қарсы конфигурацияда болады. Конфигурация – қосылыстағы нақты атомның үш өлшемді құрылымы. Конфигурацияны R немесе S белгілейді. Конформация – байланыс төңіреігнде айналу нəтижесінде өзгеретін молекуланың үш өлшемді формасы. Конформерлер – молекулалардың əртүрлі конформациялары. Кофактор – белгілі бір ферменттер реакцияны катализдейтін органикалық молекула немесе металл ионы. Кофермент А – тиоэфирлер түзу үшін биологиялық жүйелерде қолданылатын тиол. Кофермент В12 – белгілі бір қайта топтасу реакцияларын катализдеудегі ферментке қажетті кофермент. Кофермент – органикалық молекула болатын кофактор. Көлеңкеленген конформер – егер көміртек-көміртегі байланысына қараса көрші көміртегі атомымен теңескен конформер. Көмірсутегі – тек көміртегі мен сутегінен тұратын қосылыс. Көп сатылы синтез – қосылысты синтездеуге бағытталған бірнеше сатыдан тұратын синтез. Көрінетін жарық – 400-780 нмтолқын ұзындығындағы электромагниттік сəулелену. Краун эфир – бірнеше эфирлік байланыстары бар циклдік молекула. Краун-қонақ кешені – краун эфир субстратпен қосылғанда түзілетін кешен. Кресло конформация – креслоға ұқсас циклогексанның конформациясы. Бұл циклогексанның тұрақты конформациясы. Күрделі көмірсулар – өзара байлданысқан екі немесе одан да көп қан молекуласы бар көмірсу. Кіші арналар – ДНҚ-дағы кезектескен орналасқан екі арнан ішіндегі тары жəне саязы. Қайнау температурасы – бу қысымы атмосфералық қысымға тең температура.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==