Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

460 Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – дезоксирибонуклеотидтер полимері. Дезоксирибонуклеотид – қант компоненті D-2-дезоксирибоза болатын нуклеотид. Декарбоксилдеу – көміртегі диоксидінің бөлінуі. Делокализацияланған электрондар – екі атомнан көп атомдар арасында бөлінетін электрондар. Денатурация – ақуыздың үшіншілік құрылымының бұзылуы. Диастереомер – энантиомер болмайтын конфигурациялық стереоизомер. Диенді көмірсутегі – құрамында қос байланысы бар көмірсутегі. Динуклеотид – фосфодиэфирлік байланыспен қосылған екі нуклеотид. Дипептид – амидтік байланыспен қосылған екі амин қышқылы. Диполь-дипольдік əрекеттесу – бір молекула диполінің екінші молекула диполімен өзара əрекеттесуі. Дисахарид – өзара байланысқан екі қант молекуласынан тұратын қосылыс. Дисульфид – Дисульфидтік көпірше пептид – ақуыздағы дисульфидтік байланыс. ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) – дезоксирибонуклеотидтерден тұратын полимер. Дублет – ЯМР спектріндегі екі шыңнын сигналға бөлінуі. Е1 реакциясы – бірінші ретті элимирлену реакциясы. Е2 реакциясы – екінші ретті элимирлену реакциясы. Екіншілік алкил – екіншілік көміртегі атомында жұпсыз электрондары бар радикал. Екіншілік амин – азот атомымен байланысқан екі алкил тобы бар амин. Екіншілік галоген алкан – құрамындағы галоген екіншілік көміртегімен байланысқан галоген алкан. Екіншілік карбкатион – екіншілік көміртегі атомы оң зарядталған карбокатион. Екіншілік көміртегі – басқа екі көміртегі атомдарымен қосылған көміртегі. Екіншілік құрылым – ақуыздың негізгі тізбегінің конформациясын сипаттау. Екіншілік спираль – ДНҚ екіншілік құрылымы. Екіншілік спирт – құрамындағы ОН тобы екіншілік көміртегімен байланысқан спирт. Енамин – α,β-қанықпаған үшіншілік амин. Енол – α,β-қанықпаған қанықпаған спирт. Енолдану – кето-енолдық өзара ауысу. Жай байланыс – σ байланыс. Жай триглицеридтер – құрамындағы май қышқылдарының компоненттері бірдей триглицеридтер. Жалпы атау – жүйелік емес номенклатура. Жартылай ацеталь – Жартылай гидролиз – полипептидтегі кейбір пептидтік байланыстарды ғана гидролиздейтін əдіс.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==