Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

459 Генетикалық код – мРНҚ негіздерінің əрбір үш тізбегіндегі анықталатын амин қышқылдары. Геометриялық изомерлер – цис-транс (немесе E, Z) изомерлер. Гептоза – жеті көміртегі атомы бар моносахарид. Гетероатом – көміртегі мен сутегінен басқа атом. Гетероциклді қосылыс (гетероцикл) – сақинада бір немесе бірнеше гетеро атомдары бар циклді қосылыс. Гибридті орбитальдар – орбитальдардың араласуынан (гибридизация) түзілетін орбитальдар. Гидрат – Гидратация – судың қосылуы. Гидратталған – су қосылған қосылыс. Гидрид-ион – теріс зарядталған сутегі (қосымша электроны бар сутегі атомы). Гидрлеу – сутегін қосу. Гидролиз – сумен реакция. Гидрофобты өзара əрекеттесу – полюссіз топтар арасындағы өзара əрекеттесу. Бұл əрекеттесу құрылымдық судың мөлшерінің азаюынан тұрақтылықты арттырады (энтропия артады). Гликозид – қанттан алынатын ацеталь. Гликозидтік байланыс – гликозидтегі аномерлі көміртегі мен спирт арасындағы байланыс. Гликолиз (гликолиттік жол) – D-глюкозаның екі молекуласы пируватқа өзгеретін реакциялар қатары. Гликопротеин – полисахаридпен ковалентті байланысқан ақуыз. Глобулярлы ақуыз – домалақ пішінді суда еритін ақуыз. Глюконеогенеза – D-глюкозаның пируваттан синтезделуі. Гормон – қалқанша безінде синтезделіп жасуша-нысанға қан арқылы жеткізілетін органикалық қосылыс. Гриньяр реактиві – галоген алкандардағы алкан мен галоген арасына магнийдің орналасуы нəтижесінде түзілетін қосылыс (RMgBr, RMgCl). Дараланған диенді көмірсутектер – дараланған екі қос байланысы бар диенді көмірсутегі. Дараланған қос байланыс – бірнеше жай байланыстармен бөлінген қос байланыстар. Дəрумен – организмде синтезделмейтін немесе жеткілікті мөлшерде синтезделмейтін организмнің қалыпты жұмыс жасауына аз мөлшерде қажетті зат. Дəрілік зат биологиялық молекуламен əрекеттесіп, физиологиялық əсер тудыратын қосылыс. Дəрілік тұрақтылық – биологиялық нақты дəрілік затқа тұрақтылық. Дегидратация – судың бөлінуі. Дегидрогеназа – субстраттан сутегін бөлу арқылы тотығу реакциясына қатысатын фермент. Дезаминдеу – аммиактың бөлінуі Дезокси қант – құрамындағы ОН тобы Н алмастырылған қант.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==