458 Биоыдырайтын полимер – фермент катализаторы қатысында ұсақ бөліктерге бөлінетін полимер. Бос активация энергиясы (∆G‡) – реакцияның шынайы энергетикалық кедергісі. Бос радикал – жұпсыз электроны бар радикал. Бөлінбеген электрондар (байланыспаған электрондар), байланысуға қолданылмайтын валенттік электрондар. Бөлінген заряд – электрондар қозғалысымен бейтараптанатын оң жəне теріс заряд. Бөлінетін топтар – нуклеофильді орынбасу реакциясында ығысатын топ. брендтік атау коммерциялық өнімді басқа өнімдерден ажырату үшін берілетін атау. Оны тек тауарлық белгісі тіркелген тауар иесі ғана пайдалана алады. Буфер – əлсіз қышқыл мен оның қосарланған негізі. Бұрыштық кернеу – молекулаға оның валенттік бұрыштарының идеалды күйден ауытқу нəтижесінде пайда болады. Бүйір тізбекті амин қышқылында амин қышқылының α-көміртегіне қосылған орынбасары бар. Бірігіп қолдану, байланыспаған электрондарды метал ионымен бөлісуі. Біріккен протондар – өзара бөлінетін протондар. Біріншілік амин – азотқа қосылған бір алкил тобы бар амин. Біріншілік алкил – біріншілік көміртегінде жұпсыз электроны бар радикал. Біріншілік галоген алкил – галоген біріншілік көміртегімен байланысқан галоген алкил. Біріншілік карбокатион – біріншілік көміртегі атомы оң зарядталған карбокатион. Біріншілік көміртегі – тек бір көміртегімен байланысқан көміртегі атомы. Біріншілік құрылым – (ақуыз) ақуыздағы амин қышқылдарының орналасу реті. Біріншілік құрылым – (нуклеин қышқылы) нуклеин қышқылындағы негіздердің орналасу реті. Біріншілік спирт – ОН тобы біріншілік көміртегмен қосылған спирт. Біріншілік сутегі – біріншілік көміртегімен байланысқан сутегі атомы. Валенттік тербеліс – байланыс сызығы бойымен жүрмейтін тербеліс. Бұл байланыстар арасындағы бұрыштың өзгеруіне əкеледі Валенттік электрондар – электрондық қабаты толмаған электрондар. Ван-дер-Ваальс индукциясы – диполь-индукциялық-дипольдік өзара əрекеттесу. Винил катионы – винилді көміртегі оң зарядталған қосылыс. Винил радикалы – винилді көміртегінде жұпсыз элетрондары бар қосылыс. Винил-СН2=СН- Винилді көміртегі – көміртек-көміртегі қос байланысындағы көміртегі. Вирусқа қарсы препараттар – ДНҚ немесе РНҚ синтезіне кедергі жасау арқылы вирустардың көбеюін болдырмайтын препараттар. Галоген алкандар – алкандардың құрамындағы бір сутегі атомы галогендермен алмасқан қосылыстар. Галогендеу – галогенмен жүретін реакция (Br2, Cl2, I2). Гексоза – алты көміртегі атомы бар моносахарид. Ген – ДНҚсегменті.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==