457 Ацилхлорид – Ацильді топ – алкил немесе ароматты радикал қосылған карбонил тобы. Əлсіз өріс – ЯМР спектрінің жоғарғы жиілікті аймағы. Байланыс беріктігі – байланысты үзуге қажетті энергия. Байланыс – екі атом арасындағы тартылыс күші. Байланыс ұзындығы – минималды энергия (максималды тұрақты) кезіндегі екі атом арасындағы ядро аралық қашықтық. Байланыс энергиясы – байланысты үзуге немесе жаңа байланыс түзілгенде бөлінетін энергия. Байланысқан протондар – байланыс константасы бірдей протондар. Байланыспаған электрондар (бөлінбеген электрондар) – байланысқа қатыспайтын валенттік электрондар. Бактерицидтік препарат – бактерияларды жоятын препарат. Бактерияға тұрақты дəрілер – бактериялардың əрі қарай өсуін тежейтін дəрілер. Бақыланатын айналу – поляриметрде бақыланатын бұрылу шамасы. Балауыз – ұзын тізбекті карбон қышқылдары мен ұзын тізбекті спирттерден түзілетін күрделі эфир. Балқу температурасы – қатты зат сұйыққа айналатын температура. Бастапқы атауы – дəрілік заттың тіркелмеген коммерциялық атауы. Белсендендіру орынбасары – ароматты сақинаның реакциялық қабілеттілігін арттыратын орынбасарлар. Белсендлікті жоятын орынбасар – ароматты сақинаның реакциялық қабілеттілігін төмендететін орынбасар. Электрон акцепторлы орынбасарлар ароматты сақинаның электрофильді шабуылға белсенділігін төмендетеді жəне электрон донорлы орынбасарлар ароматты сақинаның нуклеофильді шабуылға белсенділігін төмендетеді. Белсенді орталық – ферменттегі субстрат байланысқан орын. Бензил катионы – оң зарядталған бензилді көміртегі бар қосылыс. Бензил тобы – Бензилді көміртегі – бензол сақинасымен байланысқан sp3көміртегі. Берілген магнит өрісі – сыртқы магнит өрісі. бимолекулярлық реакция (екінші ретті реакция) жылдамдығы екі реагенттің концентрациясына тəуелді реакция. Биоорганикалық қосылыстар – биологиялық жүйелерде кездесетін органикалық қосылыстар. Биополимер – табиғатта синтезделетін полимер. Биосинтез – биологиялық жүйелердегі синтез. Биотин – күрделі эфир немесе кетотоптың жанындағы көміртегін карбоксилдейтін ферментке қажетті кофермент. Биохимия (биохимия) – биологиялық жүйелер химиясы.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==