455 λmax – УК немесе ИҚ спектрлеріндегі максималды жұтылылатын толқын ұзындықтары. Адам геномы – адам жасушасының жалпы ДНK-сы. Ақуыз – құрамында өзара амидтік байланыстармен қосылған 40-4000 амин қышқылдары болатын полимер. Алдарь қышқылы – ОН тобы екі көміртегі атомымен қосылған дикарбон қышқыл. Альдегидтердің тотығуы жəне альдоздардан біріншілік спирттік топтардың алынуы арқылы түзіледі. Алифатты – ароматты емес қосылыс. Алкалоид – өсімдік жапырақтары, тамыры немесе тұқымдарында кездесетін бір немесе бірнеше азот гетеро атомы бар табиғи қосылыстар. Алкандар – құрамында жай байланыстары бар көмірсутектер. Алкендер – құрамында қос байланысы бар көмірсутектер. Алкил радикалы – алкандағы бір сутегі атомының бөлінуінен түзіледі. Алкиндер – құрамында үш байланысы бар көмірсутектер. Алкоголиз – спирттермен реакция. Аллил – СН2=СНСН2- Аллилді катион – аллилді көміртегі оң зарядталған катион түрі. Аллилді көміртегі – құрамында винил көміртегімен аралас sp3 көміртегі. Альдегид – Альдит – ОН тобы екі көміртегі атомымен қосылған альдоза немесе кетозаны тотықсыздандыру арқылы алады. Альдоза – полигидроксиальдегид. Альдольді конденсация – су молекуласы бөлінеді. Альдольді қосылу – карбонил тобының бір көміртегі атомын екінші карбонил тобының көміртегімен қосатын екі альдегид (немесе екі кетон молекуласы) молекуласы арасындағы реакция. Альдон қышқылы – ОН тобы екінші көміртегі атомымен байланысқан карбон қышқылы. Оны альдоздың альдегид тобын тотықтыру арқылы алады. Амид – Амин қанты – құрамындағы бір ОН тобы NH2 тобына алмасқан қант. Амин қышқылдарының анализаторы – ион алмастырғышты автоматтандырып амин қышқылдарын бөлетін аспап. Амин қышқылдарының қалдығы – пептид немесе ақуыз мономері. Амин қышқылы – α-аминокарбон қышқылдары. Табиғатта кездесетін амин қышқылдары L конфигурациялы. Аминдер – аммиак молекуласындағы бір немесе бірнеше сутегі атомдарының орны алкил тобымен алмасқан қосылыстар: RNH2, R2NH, R3N. Аминолиз – аминдермен реакция
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==