Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

45 Сондықтан нуклеофилді ацилдеу реакциясына жеңіл түсетіндей карбон қышқылдарының белсенділігін арттыратын əдіс қажет. Хлорангидридтер карбон қышқылдарының біршама реакцияға қабілетті туындылары жəне хлорангидридтерге нуклеофил қосу арқылы карбон қышқылдарының басқа туындыларын да синтездеуге болады. Сондықтан химик-органиктер карбон қышқылдарын хлорангидридтер арқылы түр өзгерістерге ұшыратады. Карбон қышқылдары хлорангидридтерге хлорлы тионилмен (SOCl2) қыздыру арқылы ауысады. Бұл реагент ОН тобын СІ атомына алмастырады. сірке қышқылы хлорлы тионил хлорлы ацетил Хлорангидридтер арқылы нуклеофил қосу арқылы күрделі эфирлерді, амидтерді синтездеуге болады (11.7-бөлім). эфир Амид  24-ЖАТТЫҒУ Карбон қышқылдарынан келесі қосылыстарды қалай синтездеуге болады? а. ə. оқулық: карбон қышқылы туындыларының бір-біріне түрлену

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==