Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

454 ТЕРМИН СӨЗДЕРГЕ ТҮСІНІК 1,2-қосылу жүйедегі 1- жəне 2-орындарға қосылу. 1,4-қосылу жүйедегі 1- жəне 4-орындарға қосылу. 13C ЯМР-спектріндегі протондық бірігу13C ЯМР-спектріндегі көміртегі атомдарымен байланысқан сигналдардың сутегі сигналдарына бөлінуі. C-соңғы амин қышқылы – пептидтің (немесе ақуыз) бос карбоксил тобы бар амин қышқылы. E конформация – карбонилді оттегі карбоксилді оттегімен немесе азотпен байланысқан орынбасар жай байланыстың екі жағында орналасқан конформация. E-изомер – қос байланыстың қарама-қарсы жақтарында басымдылығы жоғары топтары бар изомер. KH2 дəрумені – глутаматтың бүйір тізбегін карбоксилдеуде катализатор ретінде қолданылатын ферментке қажетті кофермент. N+1 ережесі – ЯМР 1Н спектріндегі көрші көміртегімен байланысқан N эквивалентті сутегі атомдарының N+1 шыңдарға бөлінуі. ЯМР 13С спектріндегі N сутегі атомдарымен байланысқан көміртегі N+1 шыңдарға бөлінеді. N-соңғы амин қышқылы – пептидтің (немесе ақуыздың) бос амин тобы бар амин қышқылы. R конфигурацияда Фишер проекиясы бойынша хиральді орталықпен байланысқан төрт топтың басымдылығы төмені вертикалды орналасса (немесе бақылаушыдан перспективті формулаға қарай), меңзер сағат тілімен басымдылығы жоғары топтан басымдылығы одан төмен топқа қарай көрсетіледі. S конфигурацияда Фишер проекиясы бойынша хиральді орталықпен байланысқан төрт топтың басымдылығы төмені вертикалды орналасса (немесе бақылаушыдан перспективті формулаға қарай) меңзер сағат тіліне қарсы бағытта басымдылығы жоғары топтан басымдылығы одан төмен топқа қарай көрсетіледі. SN1 реакциясы – мономолекуалық нуклеофилді орынбасу реакциясы. SN2 реакциясы – бимолекуалық нуклеофилді орынбасу реакциясы. Z-изомер – қос байланыстың бір жағында орналасқан басымдылығы жоғары топ. α-1,4'-гликозидтік байланыс – бір қанттың С-1-дегі оттегі мен екінші қанттың аксиалды жағдайдағы С-4-тегі оттегі арасындағы гликозидтік байланыс. α-1,6'-гликозидтік байланыс – бір қанттың С-1-дегі оттегі мен екінші қанттың аксиалды жағдайдағы С-6-тегі оттегі арасындағы гликозидтік байланыс. α-спиндік күй – ядроның осы спиндік күйде сыртқы магнит өрісімен бірге бағытталған магнит моменті бар күйі. α-спираль – оң жақтағы спиральда сутектік байланысы бар орамдалған полипептид өзегі. α-сутегі- карбонилді топ жанындағы көміртегімен байланысқан сутегі атомы. β-1,4'-гликозидтік байланыс – бір қанттың С-1-дегі оттегі мен екінші қанттың экваториалды жағдайдағы С-4-тегі оттегі арасындағы гликозидтік байланыс. β-жолағы – полипептидтің негізгі тізбегі көрші тізбекпен сутектік байланыстар түзетін иірленген құрылым. β-кето эфир – β-орында екінші карбонил тобы орналасқан күрделі эфир. β-спиндік күй – ядроның осы спиндік күйде сыртқы магнит өрісінің бағытына қарсы бағытталған магнит моменті бар күйі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==