Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

44 ПЕНИЦИЛЛИННІҢ КЛИНИКАДА ҚОЛДАНЫЛУЫ Қазіргі уақытта пенициллиннің 10-нан астам түрі клиникада қолданылады. Олар бір-бірінен тек карбонил тобына қосылған (R) топтары арқылы өзгешеленеді. Олардың кейбіреуі төменде көрсетілген. Олардың құрылысының өзгешеліктерінен басқа, пенициллиндер организмге əсер ету түрлерімен ерекшеленеді. Сондайақ олар өздерінің пенициллиназа ферментіне сезімталдығымен де ерекшеленеді. Мысалы, синтетикалық пенициллин ампициллин 11.4-тарауда қарастырылған G пенициллинге төзімді бактерияға қарсы клиникалық тиімді. Адамдардың 19%-ының G пенициллинге аллергиясы бар. V пенициллині клиника тəжірибесінде қолданылатын жартылай синтетикалық пенициллин. Бұл табиғатта кездеспейтін, шынайы синтетикалық пеницллин емес. Себебі, химиктер оны синтездемейді. Пенициллинум көгі 2-феноксиэтанолдың бүйір тізбегіне пеницилинді енгізу арқылы синтездейді. 11.14 КАРБОН ҚЫШҚЫЛЫ ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ СИНТЕЗІ Бұл тарауда сипатталған хлорангидридтер, күрделі эфирлер, карбон қышқылдары мен амидтер сияқты əр түрлі карбонилді қосылыс кластарының ішіндегі кең таралғаны - карбон қышқылдары. Біз карбон қышқылдарының нуклеофилді ацилдеу реакциясына біршама инертті екендігін көрдік, себебі карбон қышқылдарының ОН топтары күшті негіз жəне нашар бөлінетін топ. В пенициллин О пенициллин клоксаллин оксаллин амоксиллин ампициллин Г пенициллин V пенициллин 2-феноксиэтанол

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==