41 23-ЖАТТЫҒУ Келесі реакциялардың қайсысынан амид түзіледі? ҰЙЫҚТАТАТЫН ТАБИҒИ ДƏРІЛЕР Мелатонин, табиғи амид, триптофан – амин қышқылынан қалқанша безінде синтезделетін гормон. Мелатонин біздің миымызда ұйықтау мен дем алу циклі сияқты жарық-қараңғы уақытты, дене температурасын жəне гормондардың түзілуін реттейді. триптофан мелатонин амин қышқылы Мелатониннің деңгейі кешкі уақыттан түнге дейін артады да, таңға жақын қайтадан төмендейді. Егер адамдарда мелатониннің мөлшері жоғары болса ұзақ ұйықтайды. Қандағы гормонның концентрациясы 6 жасқа дейінгі балаларда 80 жастағы адамдармен салыстырғанда 5 есе көп болады. Сонда жас адамдарда үлкен адамдарға қарағанда ұйқысыздық көп кездеспейді. Мелатонинді ұйқысыздықты емдеуде, биоырғақ бұзылғанда жəне мезгілдік аффективті мазасыздықты емдеуде қолданады. 11.13 ҚЫШҚЫЛ КАТАЛИЗАТОРЫ ҚАТЫСЫНДАҒЫ АМИДТЕР ГИДРОЛИЗІ Қышқыл катализаторы қатысында жүретін амидтер гидролизінің механизмі қышқыл қатысындағы күрделі эфирдің гидролизіне ұқсас (11.9-бөлім).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==