Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

418 дені сау еріктілерге əсер ету дозасы бағаланады; үшінші сатыда тиімділігі мен препараттың сəйкес дозасы анықталады жəне мыңдаған ерікті науқастарға қосымша əсерлері бақыланады. Клиникалық тексеруге түсетін əрбір 10 қосылыстың тек біреуі ғана дəрі атануы үшін қойылатын қатаң талаптарға жауап бере алады. ЖЕТІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ДƏРІЛЕР Дəрілік затты дайындау бағасының қымбат болуынан фармацевтикалық компаниялар оларды сирек кездесетін ауру түрлеріне тексергілері келмейді. Егер компания ауруға қарсы тиімді дəріні табуы керек болса да оның шығымын өтеу сұраныстың шектеулі болуынан мүмкін болмайды. 1983 жылы осындай аурумен ауыратын адамдар үшін АҚШ конгресі жетім балаларға арналған дəрілік заттар туралы заң қабылдаған. Бұл заң бойынша жетім балаларды емдеумен 200 000 адамнан көп болғанда дəрілік препараттар маркетингі мен оларды салық жеңілдіктерімен жəне ғылыми зерттеу қорынан субсидия бөледі. Бұдан басқа заң препараттар шығаратын маркетингке жеті эксклюзивті құқығын да қарастырады. Өндіріске дейін 10 жыл ішінде осы заң бойынша жетімдерге арналған оншақты дəрілік заттар шығарылды. Қазіргі уақытта 250-ден астам дəріге қолжетімді жəне 100-нан аса түрі жасап шығарылуда. Алғашында заңға сирек шығарылған дəрілік заттар (СПИД-ті емдеуге) енгізілді. Олар таксол (жұмыртқаның ісік ауруын емдеуге), экзосурв (жаңадан туылған балалардың респираторлы дистресс-синдромын), оптикром (көздің ісуі) жəне эпоген (анемияны емдеуде) сияқты препараттар. ҚОРЫТЫНДЫ Дəрілік заттар дегеніміз – биологиялық молекуламен əрекеттесіп, физиологиялық реакция туғызатын қосылыстар. Əрбір дəрілік заттардың 20 жыл уақыт аралығында жарамды болуын қамтамасыз ететін патент иегерлері қолданатын атаулары болады. Патенттің уақыты өткеннен кейін ол дəрілік затты басқа фармацевтикалық компаниялар алғашқы атауларын пайдаланып сата алады. Тағамдық өнімдер мен медикаменттерге (ДФА) нақты қолданысқа түсер алдында міндетті түрде орындалатын жоғары талаптар қойылады. Жаңа дəрілік заттың прототипі негізгі қосылыстар болып табылады. Негізгі компоненттің құрылысын өзгерту молекулалық модификация деп аталады. Негізгі фармакалогиялық белсенді қосылыстарды іздестірудегі кездейсоқ экран ол қосылыстың құрылымы белсенділік көрсетеді деген ақпаратты тасымалдамайды. Көптеген дəрілік заттар өздерінің физиологиялық əсерлерін рецептор деп аталатын арнайы орынмен байланысуы арқылы көрсетеді. Вирусқа қарсы препараттар нуклеозидтердің аналогы болып табылады, олар ДНҚ немесе РНҚ синтезіне кедергі жасау арқылы вирустардың көбеюін болдырмайды. Бактериостатикалық препараттар бактериялардың əрі қарай өсуін тежейді; бактерицидтік препарат бактерияларды жояды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==