Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

417 Цитарабин, вирус ДНҚ-ға өтуге цитозинмен бəсекелесіп, өткір миелолейкозда қолданылады. Цитарабин құрамында рибоза емес арабиноза болады жəне офтальмологияда қолданылады (15.1-кесте). 21-ОН тобы β-жағдайда орналасқандықтан (рибонуклеозидтегі 21-ОН тобы α-жағдайда) ДНҚ-дағы негіздер қажетті ретпен орналаспайды. Рибавирин – вирусқа қарсы кең көлемде қолданылатын ГТФ синтезіне жəне барлық нуклеин қышқылдарының синтезіне кедергі жасайтын дəрі. 21.10 ДƏРІЛЕРДІ ҮНЕМДЕУ: ҮКІМЕТТІҢ БҰЙРЫҒЫ Жаңа препараттың орташа бағасы $100 миллионнан $500 миллионға дейін жетеді. Өндіруші осы шығындарды жылдам қайтаруы керек, себебі патенттің жұмыс жасау уақыты препараттың алғашқы анықталған күнінен бастап есептеледі. Патент қолданылған күннен бастап 20 жыл уақыт қолданыста болады. Бірақ препараттың алғашқы ашылғанынан кейін 12 жыл қолданылады, ал препарат ашылып, рынокқа түскенше 8 жыл уақыт жұмсалады. Осы алғашқы 8 жыл патенттік қорғау жылы деп есептеледі, дəріні сату алғашқы шығындарды жауып, жаңа дəрілік заттарды зерттеуге жұмсалады. Бұдан бөлек дəрінің орташа өмір сүру уақыты – 15-20 жыл. Одан кейін препарат жаңа жəне жақсартылған дəрі түріне ауыстырылады. Тек 3 препараттардың біреуі ғана компанияға пайда əкеледі. Не себепті жаңа дəріні шығару соншалықты қымбат тұрады? Алдымен өнімдер мен дəрілерге оларды қолданысқа енгізілуі үшін өте қатаң стандарттар бар (21.4бөлім). Көптеген дəрілердің құнды болуына себепші маңызды фактор оның бастапқы жолынан өнімнің бекітілуіне дейінгі жету жолы. Тек əрбір 100 тестіленген қосылыстың біреуі немесе екеуі ғана дəрілік зат болады; 100 құрылымдық модификацияның ішіндегі негізгі компоненттің біреуі ғана ары қарай қолданысқа мақұлданады. 10 000 қосылыстың əрқайсысы жануарларға тексеріледі де, тек 10 ғана клиникалық тексеріске түседі. Клиникалық зерттеулер үш сатыдан тұрады: бірінші сатыда тиімділігі, қауіпсіздігі, қосымша əсерлері жəне 100 дені сау еріктілерге əсер ету дозасы бағаланады; екінші сатыда тиімділігі, қауіпсіздігі, қосымша əсерлері жəне 100-500 лейкомеяға

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==