416 21.2-сурет Ретонавир вирустың жетілуіне қажетті фермент ВИЧ протеазаның белсенділігін оның белсенді орталығымен байланысуы арқылы жоятын препарат. Қосылыс пен рецептордың арасындағы сəйкестікті болжау арқылы қажетті нəтижеге қол жеткізетіндей қосылысқа жасалатын түрлендірулерді ұсынуға болады. Осылайша, биологиялық белсенділікке экранда синтезделетін қосылыс біршама рационалды болады, бұл фармакологиялық белсенді қосылыстың жылдам ашылуына əкеледі. Молекулалық модельдеу ғалымдар рецепторлық бөліктер жайлы көп білген сайын құнды болады. 21.9 ВИРУСҚА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР Вирустық инфекцияға қарсы клиникалық қолданылатын дəрілер аз шығарылған. Мұндай баяу прогресс вирустың сипаты мен қайталануына байланысты. Вирусқа қарсы препараттардың көпшілігі вирус ДНҚ немесе РНҚ синтезіне кедергі келтіретін нуклеозидтердің аналогы. Осылайша олар вирустың көбеюіне жол бермейді. Мысалы, герпес вирусына қарсы қолданылатын препарат ацикловир гуанинге ұқсас үш өлшемді формада болады. Сондықтан Ацикловир вирус ДНҚсындағы гуаниннің орнына өтіп, вирустың алдын алады. Мұндай жағдай орын алған кезде ДНҚ тізбегі əрі қарай өсе алмайды, себебі ацикловир 31-ОН тобымен қосыла алмайды (20.2-бөлім).
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==