411 4-метилгистаминнің НСІ секрециясының əлсіз ингибирленуін тудыратындығы анықталған. Ол негізгі компонент ретінде қолданылады. 10 жыл уақыт аралығында 500-ден астам молекулалық модификациялар жасалып, клиникалық пайдалы төрт асқазан жарасына қарсы дəрілер анықталды. Олардың екеуі – тагамет жəне зантак. Кеңістіктік тежелген рецепторлардың бұл қосылыстар үшін фактор еместігіне назар аударыңыздар. Антигистаминдік дəрілермен салыстырғанда əсері күшті асқазан жарасына қарсы дəрілік заттардың құрамында біршама полюсті сақина мен ұзын бүйір тізбектер бар. Тагаметтің құрамында 4-метилгистидиндегідей имидазол сақинасы бар, бірақ бүйір тізбегі басқаша келеді. Зантакта да тагаметке ұқсас гетероциклді сақина мен бүйір тізбегі бар. Бас сақинасы ұстамаларының генерациясына қатысты серотинді зерттеу жұмыстары сератин рецепторымен байланысатын дəрілік заттарды жасауға мүмкіндік туғызды. 1991 жылы суматриптан енгізілгеннен кейін бас сақинасына байланысты ауру сезімімен бірге жүрек айнуы, жарық пен дыбысқа жоғары сезімталдық белгілері жойылған. оқулық: дəрілік заттар класындағы құрылымдық ұқсастықтар
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==