Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

408 Либриум басқа транквилизаторларды іздестіру үшін құрылысы өзгертілген. Осындай нəтижелі модификациялардың бірі – либриумнан 10 есе күшті транквилизатор стеарат. Қазіргі уақытта АҚШ-пен басқа 15 шетелдерде транквилизатор ретінде сегіз бензодиазепин қолданылады. Осындай дəрілердің бірі Рогипнол деп аталады. Виагра дəрілік заттарды жасаудағы интуитивті серендипитидің мысалы бола алады. Виагра жүрек аурулары үшін клиникада тексерілген. Клиникалық зерттеулер Виаграның жүрек аурулары үшін ешқандай əсері жоқ болғандықтан тоқтатылған кезде олар тексеруге берілген таблеткаларды қайтадан кері қайтармай алып қалады. Себебі фармацевтикалық компания ол дəрінің басқа əсерлері болғанын түсінеді. Жалпы жаңа дəрілердің 75%-ы көздеген алғашқы мақсаттарынан басқа əсерлерімен танылады. 21.6 РЕЦЕПТОРЛАР Көптеген дəрілік заттар өздерінің физиологиялық əсерлерін жасушадағы реакцияның пайда болуына себепші болатын рецептор деп аталатын нақты жермен байланысуы арқылы көрсетеді. Сондықтан дəрілік заттың дəл осындай аздаған мөлшері өлшенетіндей физиологиялық əсерге əкеледі.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==