407 21.5 ДƏРІЛЕРДІ ЖАСАУДАҒЫ СЕРЕНДИПИТИ Көптеген дəрілер кездейсоқ табылған. Нитроглицерин стенокардия белгілерін (жүрек ауруы) жеңілдетуде қолданылатын дəрі, ол нитроглицеринді жарылғыш заттар өндірісіндегі алатын жұмысшылардың бастары қатты ауырған кезде анықтаған. Тексеру жұмыстары бастың ауруы өндірістегі нитроглицериннің қан тамырларын біршама кеңейтетіндігінен болатындығын көрсеткен. Ал стенокардия ұстамасына байланысты ауру – ол қан тамырларының жүректі қажетінше қанмен қамтамасыз ете алмайтындығының нəтижесінде пайда болады. Нитроглицерин жүрек қан-тамырларын кеңейтіп, қолайсыздықты жояды. Транквилизатор Либриум де кездейсоқ анықталған дəрілердің бірі. Лев Стернбарх хиназолинді 3-оксидтер сериясын синтездейді де, бірақ олардың ешқайсысы да фармакологиялық белсенділік көрсетпейді. Қосылыстардың бірі хиназолинді 3-оксидтерге жатпағандықтан тексерілуге түспейді жəне оны синтездеу қарастырылмайды да. Екі жыл өткеннен кейін жоба тоқтатылған кезде лаборант зертхананы тазалап жүріп осы қосылысты тауып алады. Сол кезде Стернбарх оны тастамас бұрын тексеріп көрмекші болады. Нəтижесінде бұл қосылыс тыныштандырғыштық қасиет көрсетеді, ал оның құрылысын анықтағанда оның бензодиазепиннің 4-оксиді екендігі белгілі болады. Хлор орынбасарын орынбасу реакциясында метиламинге ауыстырып, хиназолин 3-оксидке қосса, түзілген қосылыс қосылу реакциясына түсіп, алты мүшелі сақинасының имин тобы жағынан сақина ашылып, қайтадан жеті мүшелі сақина түзіледі. Бұл қосылыс либриум деп аталып, 1960 жылы клиникалық қолданысқа енгізіледі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==