Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

406 Сульфаниламид ол шамасы жағынан фолий қышқылына қосылатын карбон қышқылына ұқсас болғандықтан ферментті ингибирлейді. Көпшілік нəтижелі дəрілік заттар осындай шамасы ұқсас қосылыстармен ауыстыру стратегиясы бойынша жасалған. ДƏРІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ 1937 жылдың қазан айында Теннесси штатының компаниясы шығарған сульфаниламидті қабылдаған науқастардың қатты іштері ауырып ес-түссіз күйге түскен. Сонда Чикаго университетінің фармакологы Евгений Гелинг пен оның аспиранты Фрэнсис Келси дəрілік заттарды бақылау федерациясынан тексеруді сұраған. Олар фармацевтикалық компания сульфаниламидті оның жұтылуы жеңіл болуы үшін тəтті дəмді сұйық диэтиленгликольде еріткендігін анықтайды. Бірақ та диэтиленгликольдің адамдарға зиянды еместігі ешқашан тексерілмеген еді. Шындығында ол өте күшті у болған. Фрэнсис Келси Америка Құрама Штаттарында талидомидтің сатылуына тыйым салған адамдардың бірі (6.12-бөлім). Сульфаниламидті тексеру кезінде өлімге əкелетін дəрілерді сатуға тыйым салатын ешқандай заң болған жоқ. Бірақ 1938 жылдың маусым айында тағам өнімдері, дəрі жəне косметикалық заттар бойынша федералдық заң қабылданады. Бұл заң сатылымға түсетін барлық дəрілік заттардың əсері мен қауіпсіздігін жан-жақты тексеруді талап етеді. Ө М І Р Б А Я Н Герхард Домагк (1895-1964) немістің бояу жəне басқа да химиялық заттар шығаратын И.Г. Фарбен индустриясының ғалым-зерттеушісі. Ол пронтозилдің бактерияға қарсы əсері жоғары дəрі екендігін көрсететін зерттеулерді жүргізген. Саусағын кесіп алып, стрептококпен зақымданып, дəріні қабылдағаннан кейін жазылған өзінің қызы алғашқы емдеген науқасы болған. Пронтозил 1936 жылы АҚШ президентінің кіші ұлы Франклин Д.Рузвельттің өмірін құтқарғаннан кейін кеңінен танымал болды. Домагк 1939 жылы физиология мен медицина саласы 6ойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанады. Бірақ Гитлер немістердің Нобель сыйлығын алуына қарсы болды. Себебі, 1935 жылы бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынылған Карл фон Куеску концлагерге отырғызылған неміс еді. Домагк тек 1947 жылы ғана Нобель сыйлығын алады, бірақ уақыт өтіп кеткендіктен оған ақшалай сыйлық берілмейді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==