Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

402 үйренсе де, барлық коммерциялық морфин апиыннан, итқызғалдақтың (мак) бір түрінен сүтті сұйық түрінде бөлініп алынады (1-кітап, 19-бет). Морфин апиында 10% жоғары концентрацияда болады. Морфиннің бір ОН тобын метилдеу арқылы морфиннің анальгетиктік əсерінің 1/10 көрсететін, бірақ жөтелді басатын кодеин алынады. Апиынның 3%-ы кодеин болғандықтан көптеген коммерциялық кодеинді морфинді метилдеу арқылы алады. Морфиннің бір ОН тобын ацетилдеу арқылы потенцияны төмендететін қосылыс алынады. Екі ОН тобын ацетилдеу нəтижесінде морфиннен де күшті қосылыс героин түзіледі. Героиннің морфинге қарағанда, полюстілігі аз, сондықтан гематоэнецефалиттік кедергіден жылдам өтеді де, əсерін күшейтеді. Героиннің кері əсеріне байланысты көптеген елдерде пайдалануға тыйым салынған. Ол морфинді сірке ангидридімен ацетилдеу арқылы алынады (11.11-бөлім). Осылайша героин сірке қышқылынан түзілетін өнім. Есірткіні анықтау үшін құқық қорғау органдары сірке қышқылының өткір иісін тануға үйретілген иттерді пайдаланады. Кодеиннің молекулалық модификациясынан жөтелге арналған көптеген дəрілердің белсенді ингредиенті декстрометорфан алынады. Эторфинді синтездеу кезінде ғалымдар оның ауруды басатын əсері дəрінің полюссіз бөлігінің опиаттар рецепторының полюссіз бөлігімен қосылуы қабілетіне байланысты екендігін анықтаған (21.6-бөлім). Эторфин морфиннен 2000 есе күшті, бірақ ол адамдарға пайдалануға зиянды. Ол пілдерге жəне басқа да ірі жануарларға тыныштандырушы ретінде қолданылған. Пентазоцин акушерлік медицинада қолданылады, ауруды басады, бірақ морфин сияқты нəрестенің тыныс алуын қиындатпайды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==