Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

400 21.3 МОЛЕКУЛАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯ Бастапқы қосылыстардағы компоненттердің құрылысын өзгертіп, аналогтардың туындыларын алу молекулалық модификация деп аталады. Бұл үрдіске қарапайым мысал ретінде кокаин негізінде алынған синтетикалық жергілікті анальгетиктерді келтіруге болады. Кокаин Оңтүстік Америкалық биік Анды тауларында өсетін бұта жапырақтарынан алынады. Кокаин əсері жоғары жергілікті анестетик, бірақ орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ) əсер ету арқылы қажетсіз бастапқы күйден де ауыр депрессияға дейін əкеледі. Кокаин молекуласынан сатылап метоксикарбонилкарбоксилат тобын бөліп жəне жеті мүшелі сақина жүйесін ашу арқылы ғалымдар молекуланың жергілікті анестетик болатын, бірақ ОЖЖ зиянды əсері жоқ бір бөлігін анықтаған. Бұған бастапқы қосылысты бензой қышқылымен əрекеттестіріп, əртүрлі эфирлерін алу арқылы қол жеткізген. Кока жапырақтары

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==