Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

399 Соңында ол сол қалпында немесе зиянсыз қосылыстарға ыдырап бөлініп шығуы керек. Дəрілік заттарды адамдар өте ерте заманнан бері қолданып келеді. Олардың белсенді ингредиенттері шөптерден, жидектерден, тамырдан, қабықтан бөлініп, дəстүрлі медицинада қолданылған. Мысалы, дигитоксин оймақгүл өсімдігінде кездесетін жүрек стимуляторы. Хин ағашының қабығынан безгек ауруын емдеуде қолданылатын хинин алынады. Ива ағашының қабығында безгек пен ауруды басуда қолданылатын салицилаттар болады. Шығыс апиыны итқызғалдақтан (мак) алынатын сүтті сұйық морфин күшті ауру сезімін басуда жəне кодеин жөтелді емдеуде қолданылады. 1882 жылы дəрілік заттарды дайындауға 50-ден астам əртүрлі шөптер қолданылған. Олардың көпшілігі діни мекеме бақтарында өсірілген. Ғалымдар əлі күнге дейін өсімдіктер, жидектерден жəне мұхиттың флора мен фауна əлемінен жаңа дəрілік заттарды ідестіруде. Таксол Тынық мұхитында өсетін тиса өсімдігі қабығынан бөлінген қосылыс жəне оның ісікке қарсы дəрілік зат екендігі анықталған (12.5-бөлім). Соңғы уақытта анықталған жаңа дəрілік заттардың жартысына жуығы табиғи өнімдер немесе табиғи өнімдерден алынған. Дəрілік заттар табиғи шикізаттардан бөлініп, құрылысы анықталғаннан кейін басқа биологиялық белсенді қосылыстардың прототипі ретінде қолданылады. Прототип дегеніміз – негізгі қосылыстар (олар іздестіру жұмыстарында маңызды рөл атқарады). Бұл қосылыстардың аналогтары синтезделіп, бастапқы қоспалармен салыстырғанда əсерлері тексерілген. Аналогтардың бастапқы қосылыстармен салыстырғанда əртүрлі орынбасарлары, түзу тізбек орнына тармақталған тізбекті, басқа сақиналы жүйелі немесе құрылысы өзгеше болуы мүмкін. Оймақгүл 3-Dмолекула: оймақгүл

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==