Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

39  19-ЖАТТЫҒУ Галогенангидридтің спиртпен реакциясынан келесі күрделі эфирлердің қайсысы синтезделеді: а. метилбутилат (алманың иісі) ə. октилацетат (апельсин иісі)  20-ЖАТТЫҒУ Метилацетаттың қышқыл катализаторы қатысындағы реакция механизміне сүйене отырып реакция механизмдерін жазыңыздар: сірке қышқылы мен метил спиртінің қышқыл катализатор қатысындағы метилацетаттың түзілу реакциясын қисық меңзермен көрсетіңіздер.  21-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Карбон қышқылының екі молекуласынан судың бөлінуі нəтижесінде қышқыл ангидридтері түзіледі. Қышқыл ангидридтері карбон қышқылдарының ОН тобы карбоксил тобына алмасқан туындылары. Осылайша, карбоксил тобы қышқыл ангидридтерінен бөлінетін топ болады. Қышқыл ангидридтерінің келесі қосылыстармен реакция өнімдері қандай болады? а. Спирт ə. Амин  21а-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ 21а-жаттығу шешімі Қышқыл ангидриді спиртпен əрекеттескенде аралық тетраэдрлік өнімнен бөлінетін потенциалдық екі топ олкарбоксилат ион мен алкоксид ионы. Карбоксилат ионы əлсіз негіз. Сондықтан реакция өнімі эфир мен карбон қышқылы болады. ангидрид спирт эфир карбон қышқылы 11.12 АМИДТЕРДІҢ РЕАКЦИЯСЫ Амидтер инертті қосылыстар, сондықтан өзара амидтік байланыстар арқылы байланысқан амин қышқылдарынан тұратын ақуыздың биологиялық құрылым беретіндігі түсінікті де (16.0-бөлім). Амидтер хлорид иондармен, спирттермен немесе сумен əрекеттеспейді, себебі əр жағдайда да нуклеофил бөлінетін амид тобына қарағанда əлсіз негіз (11.1-кесте). 3-D молекула: Лимон қышқылы, лимон ангидриді

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==