398 21.1 ДƏРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АТАУЛАРЫ Дəрілердің нақты атауы олардың құрылысын анықтайтын химиялық атаулар. Бірақ бұл атаулар көпшілікке, тіпті, дəрігерлердің өзіне де тым ұзақ əрі қиын болды. Сондықтан фармацевтикалық компаниялар өздері жасайтын дəрілердің тауарлық марка үшін атауларын таңдайды. Бренд дəріні коммерциялық өнім ретінде жəне басқа өнімдерден ажырату үшін анықталады. Тек патенті бар компания ғана өнім маркетингі үшін брендті қолданады. Дəл осындай компаниялар пайдасы үшін айтуға оңай, тез есте сақталатын атауларды таңдап алады. Ал патент уақыты біткеннен кейін қоғам осы атаумен дəрілік заттарға қайтадан сұраныс жасайды. Сондай-ақ əрбір дəріге фармацевтикалық компания өнімді идентификациялау үшін қолданатын жалпы атау да беріледі. Дəрі-дəрмекті шығаратын фармацевтикалық компанияға тəуелсіз топтар ұсынған 10 атаудан бастапқы атаудың бірін таңдауға рұқсат етіледі. Айтылуы қиын жəне есте сақтау мүмкін емес болғандықтан, дəрігерлер мен тұтынушылар тауарлық брендті қолданатындықтан, бастапқы атауды таңдау компаниялар үшін тиімді. Тауарлық маркалар үнемі капиталданып отыруы қажет, ал бастапқы атаулары капиталды қажет етпейді. Дəріні өндірушілерге өздері шығаратын дəрілерді патенттеуге жəне оларға эсклюзивтік құқықты сақтауға рұқсат етіледі. Патент 20 жылға жарамды. Содан кейін патенттің уақыты өтіп, басқа фармацевтикалық компаниялар оны жалпыға ортақ атаумен немесе өзінің тек өздері ғана қолданатын фирмалық жеке маркасымен сата алады. Мысалы, ампициллин антибиотигі компанияның бастапқы патентіне сай Пенбритин деген атаумен сатылған. Енді кейін патент уақыты өткен соң басқа компаниялардың Ампицин, Амплитал, Бинотал, Нувапен, Пентрекс, Ультрабион, Вициллин жəне тағы да басқа патенттелмеген 30 фирмалық атаулармен сатылған. Дəріхана сөрелерінде рецепсіз берілетін көптеген дəрілер де бар. Олар көбінесе, бір немесе бірнеше белсенді ингредиенттер қоспасынан жəне дəм беруші заттар мен инертті толтырғыштардан тұрады. Мысалы, Адвил (Уайтхолл зертханасы), Мотрин (Апджон) жəне Нурпин (Бристол Мейерс Скуиф) сияқты жұмсақ анальгетик жəне қабынуға қарсы дəрілердің құрамында ибупрофен бар. Ибупрофен 1964 жылы Англияда Боотс компаниясында, сондай-ақ АҚШ тағамдық өнімдер мен дəрілерді қадағалау əкімшілігінде патенттеліп, 1984 жылдан бастап рецепсіз дəрі ретінде қолданылуына рұқсат берілген. 21.2 НЕГІЗГІ ҚОСЫЛЫСТАР Дəрілік заттар химиясының мақсаты – нақты бір ауруларға қатысты күшті əсер ететін жəне қосымша əсері өте аз дəрілік заттарды іздестіру. Басқаша айтқанда, дəрілік зат таңдамалы түрде əсер етуі керек. Дəрі дұрыс концентрацияда ағзаға қажетті мөлшерде қажетті уақытта белгілі жерге жетуі керек. Сондықтан дəрілік заттың жақсы еруі мен жасуша-нысанға жетуі үшін белгілі бір физика-химиялық қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, егер дəрі ауыз арқылы қабылданса, онда ол асқазанның қышқылды ортасына сезімтал болмауы керек жəне мақсатына жеткенше бауырда ферменттік ыдырауға түспеуі керек.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==