Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

395 Тіпті, он тоғызыншы ғасырдың басында адамдардың ондаған функционалдық, неврологиялық жəне психикалық бұзылуларына қарсы бірде-бір дəрі-дəрмектер, гормондық терапия, дəрумендер, сондай-ақ инфекциялық ауруларды емдеудегі əсері бар дəрілер де болмаған. Жергілікті анестетиктерден ауруды басатын тек екі анальгетиктер ғана болған. Жанұяда балалар санының көп орын алуы олардың кейбіреулерінің балалар ауруына шалдығуының бір себебі болған. Өмір сүру мерзімі де қысқа еді. Мысалы, 1900 жылдары Америка Құрама Штаттарындағы орташа өмір сүруі ер адамдарда 46 жасты жəне əйелдерде 48 жасты құраған. 1920 жылы əр 100 000 баланың 80 туылған кездегі алғашқы жылында инфекция түсуінің нəтижесінде он бес жасқа дейін ғана өмір сүрген. Қазіргі кезде əр ауру түріне арналған дəрілер де бар жəне олар адамдардың өмір сүру жасына да əсер етеді: ер адамдар үшін 74 жас жəне əйелдер үшін 79 жас. Енді тек 100000 баланың төртеуі ғана 15 жасқа дейін негізінен ісік ауруларынан, кездейсоқ жағдайлар мен тұқым қуалайтын аурулардан қаза табады. Қазіргі кездегі фармация сөрелері 2000 жуық дəрі-дəрмектермен қамтамасыз етілген. Олардың басым көпшілігінің белсенді ингредиенті органикалық қосылыстар. Бұл дəрілерді жұтуға болады немесе тері арқылы енгізеді. Америка Құрама Штаттарында жылына 3 миллиардтан аса дəрігер нұсқаулықтары беріледі. Жиі қолданылатын дəрілер тағайындалу санының төмендеу қатары бойынша 21.1кестеде көрсетілген. Дүние жүзінде антибиотиктер көп ұсынылатын дəрілер қатарына жатады. Жер шарындағы дамыған елдерде жүрекке жəне холестеринді төмендетуге арналған дəрілер көп ұсынылатын дəрілерге жатады. Себебі олар науқастың кейінгі өмір сүру уақытында да қолданылады. Соңғы жылдары дəрігерлер нашақорлыққа байланысты мəселенің туындау себебінен психотропты дəрілерді ұсынудың төмендегенін, ал оның орнына демікпе ауруын емдеуге арналған дəрілерді ұсыну көбейгенін айтады. АҚШ рыногына фармацевтикалық өнімдерге сатылымның 50%-ы тиесілі. Қазір бұл рынок ескірген кезде АҚШ-тың 50 жастан жоғары халқының 30%-ы холестерин деңгейінің жоғары болуынан, гипертония, сусамыр жəне остеоартрит ауруларының көбеюінен есірткіге деген сұраныстары артқан. 21.1-кесте. 2006 жылы АҚШ-та кеңінен таралған тағайындалу санының төмендеу қатары бойынша ұсынылған рецептердегі дəрілер брендтік атауы жалпы атауы құрылысы қолданылуы Липитор аторвастатин Холестеринді төмендететін дəрі Викодин гидрокодон жəне ацетаминофен анальгетик

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==