Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

393 21. 5-жаттығудағы олигопептидтегі əр амин қышқылын жəне осы амин қышқылдарын тасымалдайтын тРНҚ-дағы антикодонды анықтауы мүмкін болатын кодондардың тізімін көрсетіңіздер. 22. Нуклеин қышқылдарындағы сутектік байланыс акцепторы (А), сутектік байланыс доноры (D) немесе екеуі де болатын (D/А) бес гетероциклді негіздердің функционалдық топтарын көрсетіңіздер. 23. 22-жаттығудағы егер негіз енол түрінде болса D, A жəне D/A белгілеп негіздердің жұптасуын көрсетіңіздер. 24. Циклді фосфодиэфирі РНҚ сумен əрекеттесіп гидролизге ұшырап нуклеотид жəне фосфат қоспасымен бірге түзіледі (20.6-сурет). Осы реакция механизмін көрсетіңіздер. 25. Аденин гипоксантин жəне гуанинге дезаминденеді жəне ксантинге дезаминденуі мүмкін. Гипоксантин мен ксантиннің құрылысын көрсетіңіздер. 26. Тиминнің не себепті дезаминденбейтіндігін түсіндіріңіздер. 27. Қышқылды ерітінділерде нуклеозидтер қантқа жəне гетероциклдік негіздерге гидролизденеді. Осы реакция механизмдерін көрсетіңіздер. 28. Не себепті кодон дублет немесе квартет емес, триплет түрінде болады? 29. 5-Бромурацил ісік ауруының химиотерапиясында қолданылатын мутагенділігі жоғары қосылыс. Оны науқасқа енгізгенде нуклеотидтік трифосфатқа өзгеріп, ДНҚ-дағы тиминнің орнына қосылып, кеңістіктік құрылымға ие болады. Ол не себепті мутацияны тудырады? (Көмекке: бром орынбасарынан кето таутомерге қарағанда енол түріндегі тұрақты таутомер түзіледі). 30. ДНҚ келесі мағыналы тізбегіндегі қандай цитозин дезаминденсе организмге қаншалықты көп зиян келтіреді? 31. Бірінші амин қышқылы полипептидтік тізбекке оның прокариоты N- формилметионин болғанда биосинтезі кезінде қосылады. Формилдік топтың түзілуі мақсатын түсіндіріңіздер. 32. Не себепті ДНҚ репликация басталғанша толық ашылмайды?

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==