392 в. Егер төртінші негіз G-ге ауыстырылса? 16. Келесі гексапептидтің биосинтезіне жауап беретін ДНҚ сегментіндегі негіздердің орналасу реті қандай? 17. Антикодондағы кодондар жұбын көрсетіңіздер: кодон антикодон 18. 16.2-кестедегі амин қышқылдары үшін бір əріптік қысқартуларды пайдаланып, өзіңізді атыңыздағы əртүрлі бірінші төрт əріптен тетрапептидтегі амин қышқылдарының орналасу ретін жазыңыздар. Кез келген əріпті екі рет пайдаланбаңыз. (Себебі, барлық əріптер амин қышқылдарының атауында болмайды, сіздерге фамилияларыңыздағы бір немесе екі əріпті де пайдалануға болады). Осы тетрапептидтің синтезіне əкелетін мРНҚ-дағы негіздердің орналасу ретін жазыңыздар. Осы мРНҚ фрагментінің түзілуіне əкелетін ДНҚ мағыналы тізбегіндегі негіздердің ретін жазыңыздар. 19. Келесі динуклеотидтер жұбының қайсысы ДНҚ құрамында тең мөлшерде болады? а. CC жəне G.G. ə. CG жəне GT б. CA жəне ТG в. СG жəне АТ г. GT жəне СА ғ. ТА жəне AT 20. Мутациялы бар геннен синтезделген ақуызбен қалыпты ақуыздан алынған пептидтік фрагменттердегі амин қышқылдарының орналасу реті салыстырылған. Олар тек бір пептидтік фрагмент бойынша өзгешеленеді; олардың амин қышқылдық реті төменде көрсетілген: қалыпты: мутациялы: а. ДНҚ ақауы дегеніміз не? ə. Кейін С-соңғы Val-Leu пептидоктапептидтің қалыпты фрагменті екендігі анықталған. Мутациялы пептидтің С-соңғы амин қышқылы қандай?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==