391 ұзын тізбегінен тұрады. Бұл байланыстар бір нуклеотидтің 31–ОН тобы мен келесі нуклеотидтің 51–ОН тобына қосылады. Динуклеотид екі нуклеотидтік суббірліктен тұрады, олигонуклеотидте 9:57 екі нуклеотидті суббірлік жəне полинуклеотидте бірнеше бөліктерден тұрады. ДНҚ құрамында 21-дезокси-D-рибоза, ал РНҚ құрамында D-рибоза бар. ДНҚ құрамында көмірсулардың болуынан олар тұрақты болады жəне РНҚ жеңіл ыдырайды. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымының тізбегінде негіздер реттеліп орналасады. ДНҚ құрамында A, G, C, жəне T; РНҚ құрамында A, G, C жəне U болады. ДНҚ құрамында U орнына Т болуы С иминдік гидролизге түсіп U түзуінен болатын мутацияны болдырмайды. ДНҚ екі тізбекті. Тізбектер бір-біріне қарама-қарсы бағытта спиральға оралады. Негіздер спиральдің ішкі жағында, ал көмірсулы жəне фосфатты топтары сыртқы жағында орналасады. Екі тізбектің біреуі мағыналы, ал екіншісі бірін-бірі толықтырады: А Т-мен жұптасады, ал G С-мен жұп түзеді. ДНҚ жартылай консервативті репликация деп аталатын процесс бағытында синтезделеді. ДНҚ-дағы негіздердің орналасу реті РНҚ синтез жоспарын (транскрипция) қамтамасыз етеді. РНҚ ДНҚ-матрицасы транскрипциясы 51 → 31 бағытындағы тізбекпен синтезделеді. РНҚ үш түрі бар: транскрпициялық РНҚ, рибосомалық РНҚ жəне тасымалдаушы РНҚ. Ақуыз синтезі (транскрипция) N-соңынан С-соңына дейін мРНҚ тізбегі бойымен 51 → 31 бағытта оқитын процесс көмегімен жүреді. Əрбір үш негіздің реті кодон ақуыз құрамына кіретін белгілі бір амин қышқылдарын жібереді. тРНҚ 31–соңымен күрделі эфирлік байланыс түрінде қосылған амин қышқылдарын тасымалдайды. Кодон мен амин қышқылдары генетикалық кодты көрсетеді. Эндонуклеаза рестрикция ДНҚ белгілі бір рестрикация фрагменттері түзетін палиндромдарға ыдырайды. Рестриакциялық фрагменттердегі негіздердің реті дидезокси əдісімен анықталады. Полимерлік тізбекті реакция (ПТР) ДНҚ сегменттерін күшейтіп, өте қысқа уақыт аралығында олардың миллиардтаған көшірмесін жасайды. ЖАТТЫҒУЛАР 11. Келесі қосылыстарды атаңыздар: 12. мРНҚ келесі бөліктерінде қандай нонапептидтер кодталады? 13. 12-жаттығудағы мРНҚ кодтайтын ДНҚ матрицалық тізбегіндегі негіздердің орналасу реті қандай? 14. 12-жаттығудағы мРНҚ кодтайтын ДНҚ мағыналық тізбегіндегі негіздердің орналасу реті қандай? 15. Егер 12-жаттығудағы мРНҚ 31-соңғы кодоны келесідей мутацияға ұшыраса қандай С-соңғы амин қышқылдары түзіледі: а. Егер бірінші негіз А-ге ауыстырылса? ə. Егер екінші негіз А-ге ауыстырылса? б. Егер үшінші негіз А-ге ауыстырылса?
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==