Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

389 40 миллион жыл бұрынғы янтарь жапырағында сақталған ДНҚ-ны ПТР көмегімен ампифицирлеген, содан кейін секвенирлеген. ДНҚ ПЕПТИДТІК КАРТАСЫН ТҮСІРУ Сот экспертизалық химиктер ПТР белгілі қылмыс болған жерден күдікті ДНҚ алып ДНҚ үлгілерімен салыстыру үшін қолданады. Кодталмайтын ДНҚ сегменттеріндегі негіздердің реті адамнан адамға ауысып отырады. Сот экспертизалық зертханаларда нақты мақсатта дəл анықталатын 13 сегменттері бар. Егер ДНҚ екі үлгісіндегі негіздердің орналасу реті бірдей болса, онда сол индивидумның 80 миллиардың біріне сəйкес болу мүмкіндігі болады. ДНҚ-дактилоскопиясы жылына ДНҚ 100.000 профилін есептеу арқылы əкелікті анықтауда қолданылады. 20.12 ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ Жасушаға сəйкес ДНҚ-тасымалдағышқа бекітілген ДНҚ кішкентай бөлігі рекомбинантық ДНҚ молекулалары (табиғи немесе синтетикалық) жəне миллион рет қайталауға мүмкіндік береді. Рекомбинантық ДНҚ технологиясы гендік инженерия деген атпен белгілі жəне кеңінен қолданылады. Мысалы, адам инсулинінің ДНҚ репликациясы осылайша адам инсулинінің көп мөлшерін синтездеуге мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы гендік инженериядан құрғақшылық пен жəндіктерге төзімділігін арттыратын дақылдар жаңа гендерін жасауда көп көмек алады. Мысалы, гендік-инженерлік мақта мақта құртына төзімді жəне гендік-инженерлік жүгері тамыр құртына төзімді болады. Генетикалық модифицирленген организмдер (ГМО) Құрама Штаттардағы ауыл шаруашылығы химикаттарын сатуды 50% дейін төмендеткен. Екінші жағынан, адамдардың көпшілігі түрі өзгерген геннің салдарына алаңдайды.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==