Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

37 Сабын жасау  18-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Кокос жаңғағынан алынған май құрамына кіретін үш компонентпен май қышқылдарының бірдей болуымен ерекшеленеді. Майдың молекулалық массасы C45H86O6. Майдың сабындануы нəтижесінде алынған карбоксилат ионының молекулалық формуласы қандай? Шешімі Майды сабындандырғанда ол глицерин мен үш эквивалент карбоксилат ионын түзеді. Май глицериннен бөлінгенде үш көміртегі атомы мен бес сутегі атомын бөлінеді. Сонда үш эквивалент карбоксилат ионының молекулалық формуласы C42H81O6. Карбоксилат ионын үшке бөлсе молекулалық формуласы C14H27O2 болады. 11.11 КАРБОН ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ РЕАКЦИЯСЫ Карбон қышқылдары нуклеофилді ацилдеу реакциясына тек қышқылды формада түседі. Карбон қышқылдарының негіздік формалары нуклеофилді орынбасатын ацилдеу реакциясына түспейді. Сондықтан карбоксилат иондарының амидтермен салыстырғандағы нуклеофилді ацилдеу реакциясына қабілеттіліктері төмен. сірке қышқылы

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==