376 қарама-қарсы орналасқан жəне антикодон деп аталады (20.9 жəне 20.9ə-сурет). 20.9-сурет а. Тасымалдаушы РНҚ. Басқа РНҚ салыстырғанда тРНҚ өзгеше негіздердің мөлшері жоғары (суретте бос дөңгелектермен көрсетілген). Бұл негіздер қалыпты төрт негіздің ферменттік модификациясы нəтижесінде түзіледі. ə. Тасымалдаушы РНҚ: жасыл түсті антикодон; ЦЦА-31-соңғы қызыл түсті. Өзінің соңғы 31-ОН тобы күрделі эфир түрінде байланысқан əр тРНҚ амин қышқылын тасымалдайды. Амин қышқылы ақуызға ақуыз биосинтезі үрдісінде қойылады. Əр тРНҚ тек белгілі бір амин қышқылын ғана тасымалдайды. Аланинді тасымалдайтын тРНҚ тРНҚАла деп белгіленеді. Амин қышқылының тРНҚ-ға қосылуы аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферментімен катализденеді. Реакция механизмі төменде көрсетілген. • амин қышқылының карбоксил АТФ фосфор атомын шабуылдап белсендендіріледі; бұл амин қышқылына жеңіл бөлінетін топты қояды. • ацилді нуклеофилді орынбасу реакциясында тРНҚ 31-ОН тобы аралық тетраэдрдегі ацил аденилаттың карбонилді көміртегін шабуылдайды (11.5бөлім). • АМФ аралық тетраэдрден бөлінгенде аминоацил-тРНҚ түзіледі.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==