36 11.2-сурет Сулы ерітіндіде сабын молекулалары мицелла түзеді. Сабын молекуласынан полюсті жағы (карбоксилат тобы) беткі қабатта сыртқы мицеллалар түзеді; полюссіз жағы мицелланың ішін кеңейтеді. Жуғыш заттарды алғаш рынокқа енгізгенде, олардың түзу тізбекті алкил тобы бар түрінің биоыдырайтындығы анықталған. Ал тармақталған тізбекті алкил тобы бар тобы биоыдырамайтын заттар. САБЫН ЖАСАУ Мыңдаған жылдар бойы сабынды жануар майын ағаш күлімен қыздыру арқылы алған. Себебі күлдегі калий карбонаты ерітіндіге негіздік орта береді. Заманауи коммерциялық əдіспен сабын дайындау үшін майды натрий гидроксидінің сулы ерітіндісінде қайнатады. Содан кейін сабынды тұндыру үшін натрий хлоридін қосады да, кептіреді жəне престейді. Иіс сабындар алу үшін сабынға хош иісті заттарды, түсті сабындар алу үшін бояғыштар қосады. Ал сабынды сəндеу үшін құм қосады. Сабын суда қалқып жүруі үшін оның құрамында ауа үрленеді. полюсті топ
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==