Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

35 нəтижесінде алады. Сілтілік ерітіндідегі күрделі эфирдің гидролизін сабындану (латынша, «сабын» – SAPO) деп атайды. Сабынның көп таралған үш түрі бар: натрий стеараты натрий олеаты натрий линолеаты Ұзын тізбекті карбоксилат иондары сулы ерітіндіде жеке ион түрінде болмайды. Мұның орнына, олар 11.2-суретте көрсетілгендей мицелла деп аталатын шар түрінде жинақталады. Əр мицеллада үлкен шарды еске түсіретін 50100 ұзын тізбекті карбоксилат иондары болады: карбоксилат иондарының əрқайсысының полюсті жағы аттас иондармен бірге суға тартылатындықтан, шардың сыртқы жағында орналасады. Ал полюссіз жағы олардың сумен түйісуін азайту үшін шардың ішкі жағында қалады. Сабынның тазартқыш қасиеті бар, себебі мұнайдың кірленген полюссіз молекулалары мицелланың полюссіз ішкі жағында ериді де, мицелладан шайған кезде жуылады. Мицелланың беткі жағы теріс зарядталғандықтан, мицелланың жеке молекулалары тұтас ірі агрегатқа бірікпей, керісінше бір-бірінен тебіседі. Құрамында калций мен магнийдің концентрациясы жоғары болатын «кермек» суда мицеллалар агрегат түзеді. Сондықтан кермек суда сабын біз білетін «сабын көпіршіктері» деп аталатын тұнба түзеді. Кермек судағы сабын көпіршіктерінің түзілуі кальций жəне магний иондарымен қақтығысқанда көбік түзбейтін, сабынның тазалағыш қасиеті бар синтетикалық заттарды іздестіруге əкелді. Жуғыш заттар деген атпен белгілі (detergere латынша «жуу») синтетикалық «сабын» бензолсульфоқышқылының тұздары негізінде алынған. Бензолсульфоқышқылдардың кальций жəне магний тұздары кешендер түзбейді. бензолсульфоқышқылы жуғыш заттар

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==