350 реакциясы арқылы жүреді (5.3-бөлім) жəне аралық карбкатионнан протон Зайцев ережесіне сəйкес бөлінеді (9.8-бөлім). Диметилаллил пирофосфаттың 10 көміртекті қосылыс геранил пирофосфаттың изопентенил пирофосфатты формасымен реакциясы екі сатыда жүреді. • изопентенил пирофосфат нуклеофил сияқты əрекет етеді жəне диметилаллил пирофосфаттан пирофосфат тобын бөліп шығарады. Пирофосфат тұрақты негіз, сондықтан жеңіл бөлінетін топ. • протон келесі сатыда бөлінеді де, нəтижесінде геранил пирофосфат түзіледі. Осындай екі сатылы процесте геранил пирофосфат изопентил пирофосфаттың екінші молекуласымен əрекеттесіп, 15 көміртекті қосылыс фарнезил пирофосфат түзеді. Фарнесилдің пирофосфат түріндегі екі молекуласы 30 көміртекті қосылыс сквален. Екі молекуланы бірінің бас жағын екіншісінің соңғы жағымен қосатын реакция фермент қатысында жүреді. Біз бұрын атап өткендей сквален холестерин синтезіндегі бастапқы қосылыс, ал холестерин басқа стероидтарды синтездеу үшін бастапқы өнім болады. Терпендер изопентенил пирофосфаттан биосинтезделеді. Изопентил пирофосфатқа протонның қосылуы мен бөлінуінен ол диметилаллил пирофосфатқа өзгереді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==