34 қолданылады. Күрделі эфирдің гидролиз реакциясындағыдай қайта этерификациялаудағы тетраэдрлік аралық өнімнен бөлінетін екі топтың негізділіктері бірдей болады. Реакция тепе-теңдік күйге жеткенде екі эфир де бірдей мөлшерде болады. метилацетат пропил спирті пропил ацетат метил спирті 16-ЖАТТЫҒУ Келесі реакция өнімін атаңыздар: 17-ЖАТТЫҒУ Метиацетаттың этил спиртімен қышқыл катализаторы қатысындағы қайта этерификациялау реакциясының механизмін жазыңыздар. 11.10 САБЫН. ЖУҒЫШ ЗАТТАР ЖƏНЕ МИЦЕЛЛАЛАР Майлар – дегеніміз глицериннің үш эфирлері. Глицеринде үш спирттік топ бар, сондықтан олар үш күрделі эфирлі топтар түзеді. Майдың күрделі эфирлі тобы сілтілі ортада гидролизденгенде, глицерин мен R топтары бар тармақталмаған ұзын тізбекті карбоксилат иондары арасындағы байланыс үзіліп, жоғарғы карбон қышқылдары түзіледі. Тізбектелмеген ұзын тізбекті карбон қышқылдары майлардан алынатындықтан, жоғарғы май қышқылдары деп аталады. Біз 19.1-бөлімде сұйық май мен қатты май арасындағы айырмашылықты май қышқылдарының құрылысынан көреміз. қатты май немесе сұйық май глицерин май қышқылдарының натрий тұзы, сабын Сабын дегеніміз – жоғарғы май қышқылдарының натрий немесе калий тұздары. Осылайша, сабынды қатты немесе сұйық майлардың сілтілік гидролизі
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==