348 Терпендер құрамындағы көміртегі атомдарының санына байланысты жіктеледі. Монотерпендер екі изопрендік буыннан тұрады, сондықтан онда 10 көміртегі атомы болады. Сесквитерпендер 15 көміртегі атомы бар үш изопрендік буыннан тұрады. Көптеген хош иістер мен дəмдеуіш заттар өсімдіктерде кездесетін монотерпендер мен сесквитерпендер. Бұл қосылыстар эфир майлары деген атпен белгілі. Тритерпендер (30 көміртегі атомы) мен тетратерпендер (40 көміртегі атомы) маңызды биологиялық қызмет атқарады. Мысалы, сквален барлық басқа стероидты молекулалар синтезделетін холестериннің бастапқы өнімі (19.7-бөлім). Каратиноидтар тетратерпеноидтарға жатады. Ликопин қызанақ пен қарбыздың қызыл түсін береді, ал β-каротин сəбіз жəне өрікке қызғылт сары түс беретін каратиноидтарға мысал бола алады. β-Каротин көздің көру үшін маңызды рөл атқаратын А дəруменінің екі молекуласына айналады. Ликопин мен β-каротиндегі көптеген қосарланған қос байланыстар қосылыстың боялуына əкеледі. β-Каротин жəне басқа боялған қосылыстар ағаштардың жапырақтарында да болады, бірақ олардың беретін түстері жасыл түсті хлорофилдерден көрінбейді. Күзде хлорофилдер азайғанда бұл түстер көрінеді. Сондай-ақ β-каротин бояу ретінде маргаринге түс беру үшін де қолданылады (7.12бөлім). оқулық: Терпендердің изопрендік буындары Монотерпендердің құрамында он көміртегі атомы болады.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==