Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

31 Енді қышқыл катализатор ретінде күрделі эфирдің гидролиз жылдамдығын қалай арттыратындығын қарастырайық. Қышқыл катализатор рөлін атқарады. Катализатордың реакция жылдамдығын арттыратын, бірақ реакцияға қатыспайтын жəне өзгермейтіндігін естеріңізге саламыз (4.8-бөлім). Катализатор реакция жылдамдығын реакцияның баяу сатысында арттыру керек. Себебі, реакцияның жылдам сатысы реакцияның жалпы жылдамдығына əсер етпейді. Реакция механизмінің екі баяу сатысы бар: аралық тетраэдрлік өнімнің түзілуі жəне ыдырауы. Қышқыл екі баяу сатының жылдамдығын арттырады. Қышқыл аралық тетраэдрлік өнімнің түзілу жылдамдығын карбонилді оттегін протондау арқылы арттырады. Протонданған карбонилді топ протонданбаған карбонилді топпен салыстырғанда нуклеофильдің шабуылына сезімтал болады. Сондықтан оң зарядталған оттегі атомы бейтарап оттегіне қарағанда біршама электрон акцепторлы. Оттегінен электрондардың көп бөлінуі карбонилді көміртегін біршама электронға тапшы етіп, оның нуклеофилге бейімділігін арттырады. Карбонилді оттегін протондау карбонилді көміртегінің нуклеофилді шабуылына сезімталдығын арттырады Қышқыл бөлінетін топ жылдам кететіндіктен негізділігін төмендету арқылы аралық тетраэдрлік өнімнің ыдырау жылдамдығын арттырады. Күрделі эфирдің қышқыл катализаторы қатысындағы гидролизіндегі CH3OH бөлінетін топ жəне катализатор қатысынсыз жүретін реакциядағы бөлінетін топпен (CH3O-) салыстырғанда əлсіз негіз. Қышқыл катализатор карбонилді топтың реакциялық қабілеттілігін арттырады нуклеофилдің шабуылына бейімділігі жоғары нуклеофилдің шабуылына бейімділігі төмен

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==