Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

29  12ə-ЖАТТЫҒУ ШЕШІМІ Метилді орынбасарлар бензол сақинасына электрондарын индуктивті береді, бірақ метокси орынбасармен салыстырғанда электрондарын аз мөлшерде береді (8.14-бөлім). Осылайша, метил-орынбасқан күрделі эфирдің гидролиз жылдамдығы орынбаспаған күрделі эфирдің гидролизімен салыстырғанда баяу жүреді, бірақ метокси-орынбасқан эфирлердің гидролизімен салыстырғанда жылдам жүреді.  13-ЖАТТЫҒУ Эфирлердің қайсысы гидролиз реакциясына біршама қабілетті болады? жəне 11.9 КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕРДІҢ ҚЫШҚЫЛ КАТАЛИЗАТОР ҚАТЫСЫНДАҒЫ ГИДРОЛИЗІ Біз эфирлердің гидролизі баяу жүретіндігін көрдік, себебі су əлсіз нуклеофил жəне эфирлер негіз ретінде бөлінетін топ. Гидролиз жылдамдығы қышқыл қатысында арттырылады. Қышқылды реакцияға қосқанда, алдымен қышқыл электрон тығыздығы жоғары, яғни негізділігі жоғары реагент (10.2-бөлім). Эфирлердің резонанстық құрылымы электрон тығыздығы жоғары атом карбонилді оттегі екендігін көрсетеді. Күрделі эфирдің қышқыл катализатор қатысында жүретін гидролиз механизмі төменде көрсетілген.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==