27 ИМПУЛЬС ЕКІ ЖҮЙКЕ АРАСЫНДА БЕРІЛЕДІ Жасушадағы ацетилхолин деп аталатын күрделі эфир жасуша-реципиенттің жылдам импульсты қабылдауы үшін қажет. Ацетилхолинэстераза, оның гидролиз реакциясын катализдейтін CH2OH тобы бар фермент. Диизопропилфторфосфат (ДПФ) ацетилхолинэстеразаның CH2OH тобымен əрекеттесіп əбелсенділігін жоятын екінші дүние жүзілік соғыс кезінде қолданылған жүйке газы. Фермент белсенділігін жойған кезде жүйке импульсті бере алмайды да сал ауруы пайда болады. ДПФ өте улы. Оның ЛД50 (тəжірибелік жануарлардың 50% үшін шекті) дене салмағына есептегенде тек 0,5 мг/кг. Малатион жəне паратион инсектицид ретінде кеңінен қолданылады жəне ДПФ- пен байланысқан қосылыс. Малатионның ЛД50 2800 м /кг. Паратион біршама улы, ЛД50 2 мг / кг. малатион паратион БИО ЫДЫРАЙТЫН ПОЛИМЕРЛЕР Био ыдырайтын полимерлер дегеніміз реакция катализаторы ретінде фермент қатысында ұсақ бөліктерге ыдырайтын полимерлер. Реакцияға қатысатын ферменттер микроорганизмдерден бөлінеді. Полимердің көміртек-көміртегі байланысы бойынша тізбектің өсуі ферментпен катализденетін реакцияларда инертті болады. Сондықтан биоыдырамайтын полимерлер микроорганизмдер қалдықтары ретінде сақталып қалады. Полимерді биоыдыратушы əдіс оның құрамына күрделі эфирлі топтарды енгізу. Мысалы, ацетал тобын енгізуге болады (12.9-бөлім). Төменде алкенге күрделі эфирлі топты қосылып радикалды полимеризацияға ұшырауы көрсетілген (5.16-бөлім). Күрделі эфир тобы полимерге қосылып күрделі эфирдің ферментпен катализденетін гидролизіне ұшырайтын «əлсіз буын» түзеді. ДПФ
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==