26 Күрделі эфир спиртпен əрекеттесіп жаңа күрделі эфир мен спирт түзеді. Бұл спиртпен реакцияласып екі жаңа қосылыс түзетін алкоголиз реакциясына мысал бола алады. Осындай бір күрделі эфирдің екінші күрделі эфирге өзгеруімен жүретін алкоголиз реакциясын қайта этерификациялау деп атайды. метил бензоат этил бензоат Эфирдің гидролиз жəне алкоголиз реакциялары өте баяу жүреді, себебі, спирт те су да əлсіз нуклеофил жəне эфирлер əлсіз негіз түрінде бөлінетін топ. Сондықтан бұл екі реакция да катализатор қатысында жүреді. Яғни күрделі эфирдің гидролизі мен алкоголизі қышқыл катализаторы қатысында жүреді (11.9 - бөлім). Сондай-ақ күрделі эфирлер аминдермен əрекеттесіп амидтер түзеді. Бір қосылыстың аминдермен əрекеттесіп, жаңа екі қосылыс түзу реакциясы амонолиз деп аталады. этил пропионат N-метил пропионамид Күрделі эфирдің аминмен реакциясы сумен жəне спиртпен салыстырғандағыдай баяу жүрмейді. Себебі, амин біршама күшті нуклеофил. Күрделі эфирдің аминмен реакциясына катализатор қажет болмағандықтан бұл тиімді реакция. Аминді протондайтын қышқыл мен протонданған амин нуклеофил емес, сондықтан ол күрделі эфирмен реакцияға түспейді. қайта этерификациялау реакциясы амонолиз реакциясы
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==