Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

223  16-ЖАТТЫҒУ Келесі қосылыстардың құрылысындағы басты айырмашылық қандай? а. амилоза мен целлюлоза ə. амилоза мен амилопектин б. амилопектин мен гликоген в. целлюлоза мен хитин 15.15 КӨМІРСУЛАРДАН АЛЫНАТЫН КЕЙБІР ТАБИҒИ ӨНІМДЕР Дезокси қанттар құрамындағы бір ОН тобы сутегіне алмасқан қанттар (дезокси сөзі «оттексіз» дегенді білдіреді). 2-дезоксирибоза дезокси қанттарға мысал бола алады. Оның С-2 жағдайында оттегі атомы жоқ. D-рибоза рибонуклеин қышқылының (РНҚ) компоненті болатын қант. Ал 2-дезоксирибоза дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) компоненті болатын қант (20.1-бөлім). ГЕПАРИН Гепарин – тамыр қабырғаларындағы жасушалардан табылған полисахарид. Тамыр зақымдан кезде қан түйіршіктері пайда болмас үшін ол бөлініп шығады. Гепарин қанның ұюына қарсы препарат ретінде клиникада кеңінен қолданылады.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==