Органикалық химия негіздері: оқулық. Бөлім 2 / П. Ю. Бруис ; Ауд. К. Б. Бажықова.

221 Өсімдік клечаткасындағы целлюлоза жіпшелері 15.4-сурет Целлюлозадағы β-1,41-гликозидтік байланыстардан молекулааралық сутектік байланыстар түзіліп, молекула сызық бойымен қатарласып орналасады. Екінші жағынан целлюлозадағы β-байланыстар молекула ішілік сутектік байланыстар түзуге қабілетті. Нəтижесінде бұл молекулалар сызық бойымен қатарласып орналасады (15.4-сурет) жəне екі тізбек өзара сутектік байланыстармен бірге ұсталады. Целлюлозаның осындай ірі агрегаттары оның суда еруіне ықпал етеді. Осы түйіндердің полимерлі тізбектеріндегі күштері целлюлозаның мықты құрылыс материалы болуына көмектеседі. Өңделген целлюлоза, сондай-ақ целлофан жəне қағаз өндірісінде қолданылады. Хитин – құрылысы целлюлозаға ұқсас полисахарид. Ол шаянтəрізділер (мысалы, шаян, краб, креветка) мен экзоқаңқалы насекомдармен басқа да көп аяқты насекомдардың сыртқы қабығының негізгі құрам бөлігі. Целлюлозаға ұқсас хитинде де β-1,41-гликозидтік байланыстар бар. Целлюлозадан айырмашылығы С-2 жағдайда ОН тобының орнында N-ацетиламин топтары бар. Хитиндегі β-1,41гликозидтік байланыстар оған құрылымдық қаттылық береді.

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==