220 Целлюлоза жоғарғы өсімдіктердің негізін құрастырушы материал. Мысалы, мақта 90% жəне ағаш 50% целлюлозадан тұрады. Амилоза сияқты целлюлоза да тармақталмаған D-глюкоза қалдықтарынан құралған. Амилозадан өзгешелігі целлюлозадағы D-глюкоза қалдықтары α-1,41-гликозидтік байланыстардың орнына β-1,41-гликозидтік байланыстармен қосылған. Барлық ұсақ қоректілерде глюкоза қалдықтарын амилозаға, амилопектинге жəне гликогенге біріктіретін α-1,41-гликозидтік байланыстарды гидролиздейтін фермент (α-глюкозидаза) болады. Бірақ оларда β-1,41-гликозидтік байланыстарды гидролиздейтін фермент (β-глюкозидаза) болмайды. Нəтижесінде ұсақ қоректілер қажетті глюкоза мөлшерін тағамға клечатканы пайдаланғанда ала алмайды. Əйтсе де шөппен қоректенетін жануарлардың ас қорыту жолында β-глюкозидаза ферменті бар бактериялар болады. Сондықтан сиырлар шөптерді жей алады, ал жылқы малы болса шөпті өзінің қажетті глюкоза мөлшеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жейді. Орманда целлюлозамен қоректенетін термиттерде де оны ыдырататын бактериялар болады. Крахмал мен целлюлозадағы əртүрлі гликозидтік байланыстардан олардың физикалық қасиеттері де əртүрлі болады. Крахмалдағы α-байланыстар амилозаның құрамындағы ОН топтарының су молекуласымен молекулаішілік сутектік байланыстардың түзілуінен орамдалуына əкеледі (15.3-сурет). Осының нəтижесінде крахмал суда жақсы ериді. 15.3-сурет Амилозадағы α-1,41-гликозидтік байланыстардан орамдар түзіледі. Оның көптеген ОН топтары су молекуласымен сутектік байланыстар түзеді.
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==